smart [smɑːt] A.adj (smarter, smartest) 1. (especially BrE) (кісі ж) келісті, сәнді, жарасымды, қонымды, көрікті, сынды, ұнамды, жақсы ♦I have to be smart for work. – Жұмысқа дұрыстап баруым керек. ♦You look very smart in that suit. – Мына костюм саған жарасып тұр. ♦She was incredibly smart in navy blue silk. – Қоюкөк жібекте ол соншама көрікті болып тұрды. 2. (especially BrE) (киім, тб ж) жарасымды, қонымды, жақсы, әдемі, сәнді ♦a smart suit – сәнді костюм ♦They were wearing their smartest clothes. – Олар өздерінің ең жақсы киімдерін киген. 3. (especially NAmE) зерек, ақылды, зейінді, ұғымды, аңғарғыш ♦He is obviously a smart guy. – Ол, әрине, зерек кісі. ♦Why do smart people do such stupid things? – Ақылды адамдар осындай ақымақ нәрселерді неге істейді екен? 4. (жабдық, машина ж) «зерек», «ақылды», компьютер басқаратын ♦smart bombs – зерек бомбалар ♦a smart washing machine – зерек кіржуғыш (машина) 5.мықтылар(ға)/ байлар(ға қатысты) ♦smart restaurants – мықтылардың рестораны ♦She mixes with the smart set. – Ол мықтылармен араласады. 6.шапшаң, тез, лезде (syn: brisk) ♦He was struck with a smart crack on the head. – Басына көз ілеспес соққы тиді. ♦We set off at a smart pace. – Шапшаң жүріп отырдық. B.v 1. ∼ (from smth) дененің шаншығанын сезу, денесі шаншу ♦His eyes were smarting from the smoke. – Түтіннен көздері ашып тұрған. ♦The wound was beginning to smart a little. – Жара аздап шанши бастаған. 2.ренжу, кею; есеңгіреу, ойсырау ♦∼ from smth They are still smarting from the 4-0 defeat last week. – Өткен аптада 4-0 болып жеңілгендері әлі жандарына батып жүр.