smash [smæʃ] A.v 1. ∼ (smth) қира(т)у, сын(дыр)у, быт-шыты шығу, күл-парша болу; быт-шытын шығару, күл-парша ету ♦Several windows had been smashed. – Бірнеше терезе сынған/ қираған. ♦He smashed the radio to pieces. – Ол радионы қиратты/ быт-шыт етті. 2.қатты/ аямай/ гүрс ете соғ(ыл)у/ ұр(ыл)у ♦the sound of waves smashing against the rocks – жартастарға соғылып жатқан толқын(дар) үні ♦The car smashed into a tree. – Машина ағашқа гүрс ете соғылды. ♦Mark smashed his fist down on the desk. – Марк жұмырығымен столды тарс еткізді. 3.қиратып/ ұрып/ соғып бұзу/ жару/ тесу ♦They had to smash holes in the ice. – Оларға мұзды бірнеше жерден тесуге тура келген. ♦The elephant smashed its way through the trees. – Піл бұза-жара ағаш арасымен жүрді. ♦We had to smash the door open. – Есікті бұзып кіруімізге тура келді. ♦They had smashed through a glass door to get in. – Кіру үшін олар әйнек есікті қиратқан. 4. ∼ smb/smth қатты/ қақырата соғу/ тебу (syn: slam) ♦He smashed the ball into the goal. – Ол допты қақпаға қақырата тепті. 5. ∼ a record рекорд(ты) жаңалау/ жаңарту ♦She has smashed the world record. – Ол әлем рекордын жаңартты. 6. ∼ smth/smb қирату; жеңу; құрту, жою ♦Police say they have smashed a major drugs ring. – Полиция ірі есірткі/ наркотик саудасы тобын жойдық дейді. 7. ∼ smth (up) машина(ны) қирату ♦He’s smashed (up) his new car. – Ол жаңа машинасын быт-шыт қылды. 8. ∼ smth (теннисте) сермей/ құлаштай соғу 9. (idm) *smash it (informal) өте жақсы/ үздік істеу; өте табысты болу (syn: crush it) ♦After all that training, I’m sure he’ll smash it in the competition tonight. – Осыншама даярлықтан соң ол бүгін кешкі сайыста жарып шығады деп ойлаймын. 10. (phr v) *smash smth down бұзу, қирату, бұзып құлату ♦The police had to smash the door down. – Полиция есікті бұзып кіруге мәжбүр болды. *smash smth in бұзу, қирату, бұзып/ қиратып кіру ♦Vandals had smashed the door in. – Сұмырайлар есікті бұзып кірген. ♦(informal) I wanted to smash his face in. – Мұрнын бет қылғым келді. *smash smth up қирату, быт-шыт/ күл-парша ету, жою ♦Youths had broken into the bar and smashed the place up. – Жастар барға бұзып кіріп, қиратып кеткен. ♦The phone both had been completely smashed up. – Телефонды да быт-шыт еткен. B.n 1.быт-шыт/ күл-парша болу, қирау, сыну ♦The cup hit the floor with a smash. – Құты еденге түсіп быт-шыт болды. ♦He heard the smash of breaking glass. – Әйнектің күл-парша болғанын естідік. 2. (BrE) соқтығысу, соғылысу, ұрылысу (машиналардың бір-бірімен) ♦a car smash – машиналардың соғылысуы 3. (теннисте) сермей/ құлаштай соғу ♦He can hit a powerful overhead smash. – Оның басынан асыра құлаштай соғысы - жойқын. 4. (also ∼ hit) өте белгілі/ танымал ән/ фильм, тб, хит ♦her latest chart smash – оның кейінгі хит чарты