smoke [sməʊk] A.n 1.түтін ♦cigarette/tobacco smoke – темекі/ шылым түтіні ♦Plumes of black smoke could be seen rising from the area. – Ол жақтан қарақою түтін түйдектеп көтеріліп жатты. 2. (informal) темекі тарту/ шегу ♦Are you coming outside for a smoke? – Тысқа шығып темекі шегесің бе? ♦He's in the back garden having a smoke. – Ол бақшаның артында темекі тартып тұр. 3. the S∼ (also the big ∼) (BrE, informal) Лондон не басқа ірі қала 4. (idm) *blow smoke (up smb’s ass) (NAmE, taboo, slang) біреуді алдау, аузын аңқитып кету *go up in smoke a) жанып кету, күл болу ♦The whole house went up in smoke. – Бүткіл үй жанып кетті. b) жоспары мүлде құру, сәтсіз болу, омақасу ♦Hopes of an early end to the dispute have gone up in smoke. – Дауды ерте шешеміз деген үміттің күлі көкке ұшты. *(there is) no smoke without fire (BrE) (NAmE where there’s smoke, there’s fire) (saying) от болмаса түтін шықпайды, жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды *smoke and mirrors көз бояушылық, жымысқылық ♦There's a lot of smoke and mirrors in the financing of this film. – Осы фильмді қаржыландыруда жымысқылық көп. *a smoke-filled room [қ-з: room (А7)] B.v 1. темекі тарту/ шегу ♦Do you mind if I smoke? – Шылым шексем қалай қарайсың? ♦He was still smoking 20 cigarettes a day. – Ол күніне әлі де жиырма темекі шегетін. ♦Do you smoke? – Шылым шегесің бе? ♦She smokes heavily. – Ол (темекі) көп тартады. 2.түтіндеу, түтін шығару ♦smoking factory chimneys – түтіндеген завод мұржалары ♦the smoking remains of burnt-out cars – жанып кеткен машиналардың (түтін) бықсып жатқан қаңқалары ♦This fireplace smokes badly. – Пештен ыс шығады. 3. (етті, балықты) ыстау ♦be ∼d The ham is cured, then lightly smoked. – Шошқа сүбесін (ветчинаны) тұздап, аздап ыстайды. ♦smoked salmon – ысталған ақсерке (лосось) 4. (phr v) *smoke smb/smth out (біреуді/ бірн-ні бір жерден) түтіндетіп/ түтіннің көмегімен шығару ♦to smoke out wasps from a nest – араны ұясынан түтінмен шығару ♦(ауысп мағ) The police are determined to smoke out the leaders of the gang. – Полиция қылмысты топ серкелерін қайтсе де таппақшы.