snap [snæp] A.v 1. (тарс ет(кіз)е) сын(дыр)у, үз(іл)у ♦The wind had snapped the tree in two. – Жел ағашты қақ бөле сындырды. ♦∼ smth off (smth) He snapped a twig off a bush. – Ол ағаштан шыбық сындырып алды. ♦∼ (off) Suddenly, the rope snapped. – Кенет арқан үзіліп кетті. 2. (informal) суретке/ фотоға түсіру ♦∼ smth A passing tourist snapped the incident. – Бір турист жанынан өтіп бара жатып оқиғаны суретке түсіріп алған. ♦∼ (away) She seemed oblivious to the crowds of photographers snapping away. – Ол қаптаған фотографтардың өзін суретке түсіріп жатқанын білген сияқты. 3. (тырс/ тарс ете) қозғалу, тсс ♦The lid snapped shut. – Ол қақпақты тырс еткізе жапты. ♦His eyes snapped open. – Көздері кілт ашылды. ♦He snapped to attention and saluted. – Ол жалт қарап, сәлем берді. ♦The plastic pieces snap together to make a replica of a dinosaur. – Пластик бөліктер кірігіп, динозавр келбетін жасайды. ♦She snapped the bag shut. – Сумканы тарс еткізе жапты. 4.бұрқ/ күңк ете қалу, бұрқ(-сарқ) ете сөйлеу, бұртию, бұрқылдау, күңкілдеу ♦‘Don't just stand there,’ she snapped. – «Ол жерде состиып тұрма», деп бұрқ етті ол. ♦∼ (at smb) I was tempted to snap back angrily at him. – Оған сөз қайтарып тастағым келді. ♦∼ smth He snapped a reply. – Ол бұрқ ете жауап берді. 5. ∼ (at smb/smth) тістемек болу, қаппақ болу (syn: nip) ♦The dogs snarled and snapped at our heels. – Иттер ырылдап, өкшемізден қаппақ болды. 6.өзін-өзі ұстай/ тежей алмай қалу, ашуланып/ толқып, тсс кету ♦My patience finally snapped. – Ақыры шыдамым таусылды. ♦When he said that, something snapped inside her. – Ол (еркек) сөйдеп айтқанда оның (әйелдің) ішінде бірнәрсе үзіліп кеткендей болды. ♦I guess he just snapped. – Ол әшейін ашуланып кеткен ғой. 7. ∼ (smth) (NAmE) кнопкалы түймені бекіту 8. (idm) *bite/snap smb’s head off [қ-з: head (А21)] *snap your fingers саусақтарын (бас бармағына ұра) сартылдату/ шартылдату ♦He snapped his fingers and the waiter came running. – Ол саусағын шарт еткізіп еді, официант жетіп келді. *snap out of it/smth | snap smb out of it/smth (informal) еңсесін тіктеу/ көтеру, қайғыруын доғару ♦You've been depressed for weeks. It's time you snapped out of it. – Талай апта қайғырып жүрдің. Болды енді, еңсеңді көтер. *snap to it (informal) тез, жылдам, бол 9. (phr v) *snap smth out тақылдай/ бұрқылдай/ күңкілдей айту ♦The sergeant snapped out an order. – Сержант тақылдай бұйырды. *snap smth up (informal) (арзан я керек нәрсені) тез сатып алу, қақшып алу ♦All the best bargains were snapped up within hours. – Арзан нәрсенің бәрі бірнеше сағатта өтіп кетті. ♦(figurative) She's been snapped up by Hollywood to star in two major movies. – Голливуд оны қақшып алып, екі ірі фильмнің жұлдызы етті.B.n 1. (дыбыс ж) тарс, тырс, сарт, тсс ♦She closed her purse with a snap. – Ол қапшығын/ әмиянын тырс еткізе жапты. ♦the snap of a twig – шыбықтың тарс ете сынуы 2. (also snapshot) фотография ♦holiday snaps – демалыстағы фотолар 3. S∼ снәп (карта ойынының бір түрі 4. (NAmE) (BrE press stud, popper) кнопкалы түйме (кнопка-застёжка) 5. (idm) *be a snap (NAmE, informal) жеңіл/ оңай іс болу ♦This job's a snap. – Бұл – әшейін жұмыс. C.adj тез/ жылдам/ шапшаң істелген ♦It was a snap decision. – Бұл шұғыл шешім болды. ♦They held a snap election. – Ол жылдам сайлау өткізді. D.exclamation 1. (BrE, informal) ой! мә! мәссаған! ♦Snap! I've just bought curtains exactly like those. – Ой! Қазір ғана сол сияқты перде алдым. 2.снәп атты карта ойынында «снәп!» деп айту