sneer [snɪə(r)] A.v әжуалау, кекету, мұқату, қағыту (syn: mock) ♦∼ (at smb/smth) He sneered at people who liked pop music. – Ол поп-музыканы жақсы көретіндерді кекететін. ♦a sneering comment – кекесін сөз ♦She gave a sneering laugh. – Ол әжуалай/ кекете күлді. ♦‘You? A writer?’ she sneered. – «Сен? Жазушымын дейді?» деді ол кекете. B.n әжуа, кекету(шілік), мұқату, қағыту ♦‘And who are you, then?’ he asked with a sneer in his voice. – «Онда, сен кімсің?» деді ол жақтырыңқырамай. ♦A faint sneer of satisfaction crossed her face. – Жүзінде болар-болмас әжуа/ кекесін табы болды.