sniff [snɪf] A.v 1.пышылдау, пысылдау ♦We all had colds and couldn't stop sniffing and sneezing. – Бәрімізге суық тиіп, пышылдап, жөтеліп қоймадық. ♦She sniffed a little and dabbed at her eyes. – Ол сәл пышылдап, көзін ұстады. 2.иіскеу (syn: smell) ♦∼ smth sniffing the fresh morning air – таңғы таза ауаны иіскеу ♦∼ (at smth) The dog sniffed at my shoes. – Ит аяқ киімімді иіскеді. 3.кейи/ пышылдай сөйлеу ♦‘It's hardly what I'd call elegant,’ she sniffed. – «Бұны сыпайылық дей алмас едім», деді ол пысылдай. 4. (idm) *not to be sniffed/sneezed at (informal) әжептәуір, жақсы ♦In those days, $20 was not a sum to be sniffed at. – Ол кездері $20 әжептәуір ақша еді. 5. (phr v) *sniff around (BrE also sniff round) (informal) тіміскілеу, біреу/ бірн-е жайлы астыртын білгісі келу ♦We don't want journalists sniffing around. – Журналистердің тіміскілегенін қаламаймыз. *sniff around smb (BrE also sniff round smb) (especially BrE) біреуге қырындау; біреуді жұмысқа тартып сөйлесу ♦Hollywood agents have been sniffing around him. – Голливуд агенттері оның жанында тіміскілеп жүр. *sniff at smth қызықпау; елемеу ♦He sniffed at my efforts at writing. – Менің жазушылыққа қызығуыма ол көңіл бөлмеді. *sniff smb/smth out иіскеп/ тіміскілеп табу ♦The dogs are trained to sniff out drugs. – Иттерді есірткіні тіміскілеп табуға үйретеді. ♦(ауысп мағ) Journalists are good at sniffing out a scandal. – Журналистер дау-дамайды тіміскілегенге шебер. B.n 1. [қ-з: sniff (А1,2,3,)] ♦She took a deep sniff of the perfume. – Ол әтірді барынша иіскеді. ♦My mother gave a sniff of disapproval. – Шешем құптамай пыс етті. ♦His sobs soon turned to sniffs. – Оның өксігі пысылға айналды. 2. ∼ of smth «иіс», бірн-ң шеті/ төбесі ♦They make threats but back down at the first sniff of trouble. – Олар қорқытады, алайда пәленің иісі сезілсе болды, шегінеді. ♦She didn't get even a sniff at a medal. – Оның медаль алатын мүлде мүмкіндігі болмады. 3. (idm) *have a (good) sniff around төңіректі жақсылап барлау, тіміскілеу