snow [snəʊ] A.n 1.қар ♦Snow was falling heavily. – Қар жапалақтап/ қалың жауып жатты. ♦We had snow in May this year. – Биыл мамырда біз жаққа қар түсті. ♦The snow was beginning to melt. – Қар ери бастаған (еді). ♦Heavy snow is expected tomorrow. – Ертең қалың қар түседі дейді. ♦in the ∼ Children were playing in the snow. – Балалар қарда ойнап жүрген (еді). ♦The snow didn't settle. – Қар көп жатпады (еріп кетті). ♦The snow and ice caused a number of traffic accidents. – Қар мен мұздан бірнеше жол оқиғасы болды. ♦Her skin was as white as snow. – Терісі қардай аппақ еді. ♦the first snows of winter – қыстың алғашқы қары 2. (idm) *as clean, pure, etc. as the driven snow өте таза/ мөлдір B.v 1.қар жауу/ түсу ♦It's been snowing heavily all day. – Күні бойы қар жауып тұр. ♦It snowed for three days without stopping. – Үш күн (бойы) тоқтаусыз қар жауды. 2. ∼ smb (NAmE, informal) әңгімемен біреудің басын айналдыру ♦He really snowed me with all his talk of buying a Porsche. – Ол порше сатып алу туралы әңгіме айтып, басымды айналдырып тастады. 3. (idm) *be snowed in/up қар көп түсіп бітеп тастау, қардың астында қалу ♦We were snowed in for two days. – Екі күн қардан шыға алмай жаттық. *be snowed under (with smth) жұмысы көп болу, қолы тимеу ♦I'd love to come but I'm completely snowed under at the moment. – Келер(-ақ) едім, бірақ қазір жұмысым бастан асады. *be snowed up (жол ж) қар басып қалу