soar [sɔː(r)] v 1.шарықтау, аспандау (syn: rocket) ♦soaring costs/prices/temperatures – шарықтаған бағалар/ температура ♦Unemployment has soared to 18 per cent. – Жұмыссыздық 18 процентке көтеріліп кетті. 2. ∼ (up) (into smth) самғау ♦The rocket soared (up) into the air. – Ракета әуеге самғады. ♦(figurative) Her spirits soared. – Оның жігері тасыды. 3.самғау, шарықтау, қалықтау ♦an eagle soaring high above the cliffs – жартас үстінде қалықтаған бүркіт 4.сораю, серею, зораю ♦soaring mountains – аспанмен таласқан таулар ♦The building soared above us. – Ғимарат үстімізде сорайып тұрды. ♦The cliffs soared upward. – Құздар әуеге бой созған. 5.шалқу, самғау, күмбірлеу, құйқылжу ♦soaring strings – құйқылжыған ішектер (муз-қ аспаптың) ♦Her voice would soar over the orchestra with little effort. – Оның даусы оркестрден биіктей шалқи шығады.