solid [ˈsɒlɪd] A.adj 1.қатты, берік ♦The planet Jupiter may have no solid surface at all. – Юпитер планетасының мүлде қатты үсті болмауы мүмкін. ♦The boat bumped against a solid object. – Қайық бір қатты нәрсеге соғылды. ♦It was so cold that the stream had frozen solid. – Суық болғаны соншама, жылға қатып қалды. ♦The boiler uses solid fuel. – Бойлерге қатты отын (м: көмір) жағады. ♦They were drilling through solid rock. – Олар берік тасты бұрғылап жатты. ♦(ауысп мағ) The stores are packed solid at this time of year. – Жылдың осы уағында дүкендер адамға лықа толады. 2. (сызық ж) тұтас, үздіксіз ♦The national boundary is shown on the map as a solid line. – Ел шекарасын картада тұтас сызықпен көрсеткен. 3.тұтас (материалдан жасаған), сом ♦a solid gold bracelet – сом алтын білезік ♦Each piece is individually made in solid silver. – Әр бөлігін сом күмістен жасаған. 4.мықты, берік, қатты ♦These chains seem fairly solid. – Мына шынжыр әжептәуір берік сияқты. ♦The door was solid as rock. – Есік жартастай берік. 5.сенімді, сенерлік, иланарлық; берік ♦As yet, they have no solid evidence. – Оларда әлі (де) сенімді айғақ жоқ. ♦His advice was always solid and practical. – Ол қашан да жөнді кеңес беретін. ♦This provided a solid foundation for their marriage. – Бұл олардың некесіне берік негіз болды. ♦The Irish team were solid as a rock in defence. – Ирландия командасының қорғанысы тастай берік. 6.қомақты, айтарлықтай, нық ♦2017 was a year of solid achievement. – 2017 жыл қомақты табыстар жылы болды. ♦Both leading actors put in a solid performance. – Екі жетекші актер де рөлдерін нық ойнады. ♦He's a good solid player. – Ол – нық ойыншы. 7. (informal) үздіксіз, толассыз, дамылсыз, тынбаған ♦The essay represents a solid week's work. – Эссені бір апта тынбай жазды. ♦It rained for two hours solid this afternoon. – Бүгін түстен кейін екі сағат тынбай жауын жауды. 8.біртұтас (реңк) ♦One cat is black and white, the other solid black. – Біреуі – қараала мысық, екіншісі – тұтастай қара. 9. (geometry) дене (геометрическое тело) ♦A cube is a solid figure. – Куб/ Текше – дене. 10. бірауызды, ортақ пікірдегі ♦The department was solid against the changes. – Бүткіл бөлім өзгерістерге қарсы болды. ♦The strike was solid, supported by all the members. – Ереуілді барлық мүшелер қолдады.11. (idm) *be on firm/solid ground пікірталас кезінде, тб өзіне мығым, сенімді болу B.n 1.қатты нәрсе ♦liquids and solids – сұйықтар мен қатты заттар ♦on ∼s The baby is not yet on solids. – Сәби әлі қатты тамақ жейтін уақытқа келген жоқ. 2. (geometry) дене (геометрическое тело)