solution [səˈluːʃn] n 1. (мәселеге) шешім, шешу, реттеу (syn: answer) ♦Attempts to find a solution have failed. – Шешім таппақ (болған) талпыныстар сүрінді. ♦to propose/offer/provide/develop a solution – шешім ұсыну/ қамдау/ әзірлеу ♦to look for/seek a solution – шешім іздеу ♦an easy/innovative solution – жеңіл/ тапқыр шешім ♦There's no simple solution to this problem. – Бұл проблеманың оңай шешімі жоқ. ♦the solution to a crisis/an issue – дағдарысқа/ мәселеге шешім 2. (матем-қ) шешім, шешу ♦She wrote the solution of the equation on the board. – Ол теңдеудің шешімін тақтаға жазды. 3. ерітінді (суда, тб еріген зат) ♦an alkaline solution – сілті ерітіндісі ♦saline solution – тұз ерітіндісі 4. (суда, тб) еріту ♦the solution of glucose in water – глюкозаны суда еріту