soon [suːn] adv (sooner, soonest) 1.жуықта, жуырда, жақында, жақын уақытта, көп ұзамай, сәлден соң, біраздан соң; сосын, содан соң, содан кейін көп ұзамай, сосын артынша ♦Soon afterwards, he joined a youth theatre group. – Сосын/ Содан соң ол жастар театр тобына қосылды. ♦I soon realized the mistake. – Көп ұзамай қатені ұқтым. ♦See you soon! – Жақында жолығалық! ♦More success soon followed. – Содан соң тағы да табыс келді. ♦We’ll be home soon. – Көп ұзамай үйде боламыз. ♦I'll be back soon. – Сәлден соң келемін. ♦It soon became clear that the programme was a failure. – Көп ұзамай программаның сәтсіз болғаны анық болды. ♦He promises to visit again soon. – Ол жақында келемін деп уәде етті. ♦Coming soon to a cinema/theater near you: 'War of the Wizards II'. – Жуырда кинотеатрыңызға «Алпауыттар соғысы ІІ» келеді. ♦He moved in with a friend and soon found work. – Ол досымен пәтер жалдады да артынша жұмыс тапты. ♦Soon thereafter, she returned to Tanzania. – Содан соң ол Танзанияға оралды. 2.тез; ерте ♦How soon can you get here? – Онда қаншалықты тез жете аласың? ♦We'll deliver the goods as soon as we can. – Заттарды барынша тез жеткізуге тырысамыз. ♦Please send it as soon as possible. – Бұны барынша тез жөнелт. ♦Do you really have to go so soon? – Осыншама ерте кетуің керек пе? ♦It's too soon to say what caused this. – Неліктен бұлай болғанын айту әлі ерте. ♦Next Monday is the soonest we can deliver. – Ең ерте дегенде, келесі дүйсенбіде жеткізе аламыз. ♦The sooner we set off, the sooner we will arrive. – Ерте(рек) шықсақ, ерте(рек) жетеміз. ♦All too soon the party was over. – Жиын-той тым ерте бітті. ♦They arrived home sooner than expected. – Олар үйге ертерек келді. ♦The note said, ‘Call Bill soonest’. – Қағазда «Биллге тезірек қоңырау шал» депті. 3. (idm) *anytime soon (especially NAmE) жақын уақытта, жақында, тсс ♦Will she be back anytime soon? – Ол жақында келіп қала(ды) ма? *I, etc. would just as soon do smth өйтсем де, бүйтсем де болады ♦I'd just as soon stay at home as go out tonight. – Үйде болсам да, кешке тысқа шықсам да болады. *I, etc. would sooner do smth (than smth else) (бірнәрседен гөрі) бірн-і қалайды ♦She'd sooner share a house with other students than live at home with her parents. – Ол үйінде ата-анасымен тұрғаннан гөрі, басқа студенттермен бірге пәтер жалдағанды қалайды. *least said soonest mended [қ-з: mend (А6)] *no sooner said than done [қ-з: say (А8)] *no sooner… than… бірнәрсе бірден/ артынша болды ♦No sooner had she said it than she burst into tears. – Айтып үлгермей, жылап жіберді. *the sooner the better ертерек/ тезірек болса жақсы болар еді ♦‘When shall I tell him?’ ‘The sooner the better.’ – «Оған қашан айтайын?» «Тез болса жақсы болар еді». *sooner or later ерте ме, кеш пе, әйтеуір (бір) ♦Sooner or later you will have to make a decision. – Ерте ме, кеш пе, шешуің керек. *sooner rather than later кештен гөрі ерте (жақсы) ♦We urged them to sort out the problem sooner rather than later. – Олардан мәселені созбай, ертерек реттеуін өтіндік.