sorry [ˈsɒri] A.adj (sorrier, sorriest) 1.қынжылған, өкінген, ұялған, қысылған ♦∼ about smth We're very sorry about the damage to your car. – Машинаң(ызғ)а нұқсан келгеніне қынжыламыз. ♦I'm sorry about the mess - I haven't had a chance to tidy up yet. – Шашылып жатқанына қысылып тұрмын – жиыстыруға мұрсатым болмады. ♦∼ for smth She is obviously deeply sorry for what she has done. – Ол істеген ісіне өкінеді/ қынжылады. ♦We are sorry for the delay and hope the train will be moving again shortly. – Кешігіске қынжыламыз – пойыз сәлден соң қайта қозғалар деп үміттенеміз. ♦∼ (that)… She was sorry that she'd lost her temper. – Ашуланып кеткеніне ол қынжылды. ♦I am so sorry that this happened. – Осылай болғанына қынжыламын. ♦If you say you're sorry we'll forgive you. – Қатеңді ұқсаң, кешіреміз. 2.аяйтын, жаны ашитын/ ашыған ♦∼ (that)… I'm sorry that your husband lost his job. – Күйеуіңнің жұмысынан айырылғаны обал болыпты. ♦∼ to do smth We're sorry to hear that your father's in hospital again. – Әкеңнің қайта емханаға түскені дұрыс бомапты. ♦I was sorry to see him go. – Оның кеткенін көріп, жабырқадым. 3.қапалану, өкіну, кею ♦∼ (that)… She was sorry that she'd lost contact with Mary. – Мәримен байланыс үзіп алғанына ол өкінді. ♦I'll make you sorry you were ever born! – Көзіңе көк шыбын үймелетемін әлі! ♦You'll be sorry if I catch you! – Қолыма түссең, құрисың! ♦∼ to do smth I was genuinely sorry to be leaving college. – Колледжден кететініме шынымен де қапаландым. ♦She was almost sorry to stop work. – Ол жұмысын тоқтатқанына кейіді десе болады. 4.бейшара, нашар, аянышты ♦The business is in a sorry state. – Бизнестің халі нашар. ♦They were a sorry sight when they eventually got off the boat. – Ақыры қайықтан түскенде олар жүдеп-жадап тұрды. 5. (idm) *be/feel sorry for smb аяу, жаны ашу, (біреу үшін) кею ♦He decided to help Jan as he felt sorry for her. – Аяп, Жанға көмектесуге ұйғарды. *better safe than sorry [қ-з: safe (А10)] *feel sorry for yourself (informal, disapproving) өзіне-өзі кею ♦Stop feeling sorry for yourself and think about other people for a change. – Кейи бермей, басқа адамдардан жәрдем іздемейсің бе. ♦Mitch felt slightly sorry for himself. – Митч аздап өзіне-өзі кейіді. *I’m sorry ғафу ет(іңіз), кешір(іңіз), айыпқа бұйырма(ңыз) ♦I'm sorry, I forgot. – Ойбұй (Ғафу ет), ұмытып кетіппін. ♦Oh, I'm sorry. Have I taken the one you wanted? – Ойбұй. Саған/ Сізге керегін алыппын ба? ♦I'm sorry to interrupt but there's an urgent call for you. – Киліккеніме кешір, саған біреу шұғыл телефон шалып жатыр. ♦I'm sorry, I don't agree. – Ғафу ет, келіспеймін. ♦I'm sorry, I'd rather you didn't go. – Ғафу ет, бармағаның дұрыс-ау. ♦I'm sorry to have to tell you you've failed. – Ғафу ет, (емтиханнан, тб) өтпедің. *I’m sorry to say осылай дегеніме ғафу етіңіз, кешіріңіз ♦He didn't accept the job, I'm sorry to say. – Ол жұмысты жаратпады, кешір(іңіз). B.exclamation ғафу ет(іңіз)/ өтінемін, кешір, ой, ойбұй ♦Sorry I'm late! – Ойбұй, кешіктім! ♦Did I stand on your foot? Sorry! – Аяғың(ыз)ды басып кеттім бе? Кешір(іңіз). ♦Sorry to bother you, but could I speak to you for a moment? – Мазалағаныма кешір(іңіз)ші. Сенімен/ Сізбен бір сәт сөйлессем бола(ды) ма? ♦Sorry? Could you repeat the question? – Кешір(іңіз). Сұрақты қайтала(ңыз)шы. ♦Take the first turning, sorry, the third turning on the right. – Бірінші бұрылыстан, ой, жоқ, үшінші бұрылыстан оңға жүріңіз.