soul [səʊl] n 1.жан ♦The howling wind sounded like the wailing of lost souls. – Ұлыған боран тозаққа түскен әруақтардың аңырасындай естілді. ♦'Repent now if you want to save your soul,' he cried. – «Жаныңды аман алып қалу үшін өкін», деп ол ақырды. ♦∼ of smb a prayer for the soul of the deceased – марқұмға дұға бағыштау ♦They believe that ghosts are the wandering souls of the departed. – Олар әруақтар өлген адамдардың кезіп жүрген жандары деп ұғады. 2.жан, жан-дүние, ішкі дүние ♦music that soothes your soul – жанға жайлы музыка ♦The eyes are the windows to the soul. – Көз – жан-дүние терезесі. ♦the dark side of the human soul – адам жан-дүниесінің көлеңке жағы ♦In my view, fine art feeds the mind and soul. – Меніңше, өнер жан-дүниеге нәр береді. 3.жан, (ішкі) сезім ♦It was a very polished performance, but it lacked soul. – Өте жақсы орындалғанымен, сезім жетіспеді. 4. the ∼ of smth жан, үлгі, мысал ♦He is the soul of discretion. – Ол – инабаттылық үлгісі. 5. (becoming old-fashioned) жан, адам, пенде, неме ♦She's lost all her money, poor soul. – Бар ақшасынан айырылыпты, бейшара. ♦You're a brave soul. – Ержүрек жан екенсің. ♦There wasn't a soul in sight. – Ешкім көзге түспеді. ♦Don't tell a soul. – Тірі жанға айтпа. ♦(literary) a village of 300 souls. – Үш жүз жан тұратын ауыл. 6. (also ∼ music) соул (афро-амер-қ әншілер айтатын, көңіл-күйді білдіретін музыка) ♦a soul singer – соул әнші(сі) 7. (idm) *bare your soul (to smb) біреуге ішкі сырын ашу/ айту *body and soul құлшына, аянбай ♦She committed herself body and soul to fighting for the cause. – Ол (ізгі) іс үшін аянбай айқасуға бел буды. *God rest his/her soul | God rest him/her [қ-з: God (4)] *good for the soul (humorous) (денеге, жанға) пайдалы ♦Walking is good for the soul. – Жаяу жүрген денсаулыққа пайдалы. *heart and soul [қ-з: heart (8)] *keep body and soul together қалт-құлт етіп күн көру, әзер/ әрең күн көру (syn: survive) ♦They barely have enough money to keep body and soul together. – Олардың күнкөріске мардымсыз ғана ақшасы бар. *the life and soul of the party, etc. [қ-з: life (6)] *sell your soul (to the devil) [қ-з: sell (А6)]