sound [saʊnd] A.n 1.үн, дыбыс, дауыс (syn: noise) ♦a loud/soft/faint sound – қатты/ жұмсақ/ әлсіз дауыс ♦a high/low sound – жіңішке/ жуан дауыс ♦She heard the sound of footsteps outside. – Ол тыстағы аяқ адымын естіді. ♦the different sounds and smells of the forest – орманның түрлі үні мен иісі ¨He could hear the sound of several voices. – Ол бірнеше дауыс ести алды. ♦The sound of children playing in the garden woke me. – Бақта ойнап жүрген балалардың даусы оны оятып жіберді. ♦Sound travels more slowly than light. – Дыбыс жарықтан әлдеқайда баяу қозғалады. ♦aircraft that can fly faster than the speed of sound – дыбыстан жылдам қозғалатын самолет ♦Could you turn the sound up/down? – Дыбысты күшейтесің бе/ азайтасың ба? ♦Even with the sound turned off, television is distracting. – Дыбысы өшіп тұрса да, телевизор көңілді бөледі. ♦We experimented with different sounds. – Біз түрлі дыбысты салып көрдік. 2. the ∼ of smth (естіп, оқып, тб түйген) ой, әсер ♦They had a wonderful time by the sound of it. – Естуімше, олар тамаша уақыт өткізген сияқты. ♦From the sound of things you were lucky to find him. – Байқаймын, жолың болып оны тауыпсың. ♦They're consulting a lawyer? I don't like the sound of that. – Олар юристпен ақылдасуда дейді? Маған ұнап тұрған жоқ. 3.бұғаз (пролив) (syn: strait) ♦Plymouth Sound – Плимут бұғазы 4. (idm) *like, etc. the sound of your own voice (disapproving) өзі ғана сөйлегенді/ елді аузына қаратқанды жақсы көретін ♦She’s much too fond of the sound of her own voice. – Ол өзі ғана сөйлегенді жақсы көреді. *within (the) sound of smth (BrE) еститіндей жақын жерде, қасында ♦a house within sound of the sea – теңізге жақын үй B.v 1. linking verb естілу, (естіп, оқып, тб) әсер алу/ қалдыру, ойға қалу, пәлен сияқты көріну/ естілу ♦to sound good/great/right/interesting – жақсы/ керемет/ дұрыс/ қызық сияқты естілу ♦His voice sounded strange on the phone. – Телефонда даусы біртүрлі естілді. ♦The economy went into recession and taxpayers ended up footing the bill. Sound familiar? – Экономика тоқырауға түсті де, салық төлеушілер шығынды көтеріп тынды. Қашан да осылай емес пе? ♦I'm about to say something which sounds a bit strange. – Біртүрлі естілетін бірнәрсе айтайын деп тұрмын. ♦Leo made it sound so easy. But it wasn't. – Лео мәселені кішірейте айтқысы келді. Алайда олай емес. ♦She didn't sound surprised when I told her the news. – Оған хабарды айтқанда ол таңғалғандай көрінбеді. ♦All of this sounds a lot worse than it actually is. – Мәселені ушықтыра айтқан. ♦His explanation sounds reasonable to me. – Оның сөзінің жаны бар сияқты. ♦He doesn’t sound French - and he doesn’t look it. – Оның сөйлесі де, түрі де французға ұқсамайды. ♦She sounds just the person we need for the job. – Осы жұмысқа лайықты адам сол сияқты. ♦You sounded just like your father when you said that. – Сөйтіп айтқанда әкеңе ұқсап кеттің. ♦I hope I don’t sound as if/as though I’m criticizing you. – Сені сынап тұрған адамдай көрінбеспін. 2. -sounding ұқсаған, сияқты ♦an Italian-sounding name – итяльяндыққа ұқсаған есім ♦fine-sounding words – әдемі айтылған сөздер 3.үн шығару, дыбыстау ♦The bell sounded for the end of the class. – Қоңырау сабақтың біткенін білдірді. ♦(BrE) Passing motorists sounded their horns in support. – Өтіп бара жатқан көлік жүргізушілері қолдау білдіре бипілдетті. 4. ∼ smth дыбыстап белгі беру/ ескерту ♦When I saw the smoke, I tried to sound the alarm. – Түтінді көргенде, белгі беруге тырыстым. ♦(figurative) Scientists have sounded a note of caution on the technique. – Ғалымдар әдіске қатысты ескерту айтты. ♦Wall Street has sounded repeated warnings about rising inflation. – Уолл-стрит өсіп жатқан инфляция жөнінде қайта-қайта ескертуде. 5. ∼ smth (specialist) дыбыстау, дыбыстап айту ♦You don't sound the ‘b’ in the word ‘comb’. - ‘Comb’ сөзінде ‘b’-ны айтпа. 6. ∼ (smth) (specialist) судың тереңдігін салмақ байланған арқанмен не электрон(ды) құралмен өлшеу 7. (idm) *look/sound suspiciously like smth (often humorous) тым ұқсау, тым бірнәрсе сияқты болу/ көріну ♦Their latest single sounds suspiciously like the last one. – Олардың кейінгі сиңглі одан бұрынғысына тым ұқсайды. *sound/strike a note (of smth) пікір/ сезім білдіру ♦She sounded a note of warning in her speech. – Сөзінде ол жанамалай ескертті. *(it) sounds like a plan (to me) [қ-з: plan (А7)] 8. (phr v) *sound off (about smth) (informal, disapproving) қатты айту, жақтырмай айту ♦He’s always sounding off about falling standards in education. – Оқу деңгейінің түсіп жатқаны жайлы ол айқайлап жатады. *sound smb out (about/on smth) | sound smth out біреуден бірнәрсе білуге тырысу ♦I wanted to sound him out about a job. – Жұмыс жайлы оның пікірін білуге тырыстым. ♦They decided to sound out her interest in the project. – Олар оның жобаға зейінін білмек болды. C.adj (sounder, soundest) 1.байсалды, байыпты, ұғатын, жөнді білетін; жүйелі, орнықты, дұрыс ♦He's a person of very sound judgement. – Ол – өте байсалды адам. ♦He gave me some very sound advice. – Ол маған біраз жүйелі кеңес берді. ♦This gives the design team a sound basis for their work. – Бұл кескіндеуші топ жұмысына орнықты негіз бола алады. ♦The proposal makes sound commercial sense. – Ұсыныс сауда жағынан көңілге қонымды. ♦Their policies are environmentally sound. – Олардың ісі табиғатқа зиян келтірмейді. 2.ауқымды, жан-жақты, толық ♦a sound knowledge/understanding of something – бірн-ні жан-жақты білу/ ұғу ♦He has a sound grasp of the issues. – Ол мәселелерді жан-жақты біледі. ♦Do you think the evidence is sound? – Айғақ көңілге қонымды деп ойлайсың(ыз) ба? 3.күйі жақсы, дұрыс, аман, сау (opp: unsound) ♦We arrived home safe and sound. – Үйге аман-сау жеттік. ♦to be of sound mind – ақыл-есі дұрыс болу ♦The house needs attention but the roof is sound. – Үйге күтім керек, бірақ шатыры – дұрыс. 4.тыныш, терең (ұйқы) ♦to have a sound night’s sleep – түнде терең ұйықтап шығу ♦to be a sound sleeper – терең ұйқышыл болу 5.тәуір, жақсы, дұрыс ♦a sound piece of writing – тәуір жазылған нәрсе ♦This was another sound performance by the team. – Бұл команданың тағы бір тәуір ойыны болды. 6.қатты, ауыр, жаман ♦to give somebody a sound beating – біреуді оңдырмай ұру 7. (idm) *(as) sound as a bell (informal) күйі/ жағдайы мінсіз ♦The doctor said I was as sound as a bell. – Дәрігер денсаулығың мінсіз деді. D.adv ∼ asleep өте терең/ қатты ұйқыда(ғы)