spare [speə(r)] A.adj 1.артық, бос, қосымша ♦He's studying music in his spare time. – Ол музыканы бос уақтында оқып жүр. ♦I haven't had a spare moment this morning. – Бүгін таңда бос уақтым болмады. ♦We've got a spare bedroom, if you'd like to stay. – Қалғың(ыз) келсе, артық бөлмеміз бар. ♦I'm afraid I haven't got any spare cash. – Артық ақшам жоқ-ау. ♦Are there any tickets going spare? – Артық билеттер бар ма? 2.қосымша, артық, қосалқы (запасной) ♦a spare key/tyre – қосалқы кілт/ шина ♦Take some spare clothes in case you get wet. – Су болсаң, киетін қосымша киім алып ал. 3. ұзын тұра, арық әрі ұзын 4. (idm) *go spare (BrE, informal) ашулану, ренжу B.v 1. (уақыт, ақша, тб) беру, бөлу ♦∼ smth/smb I'd love to have a break, but I can't spare the time just now. – Сәл дамылдағым-ақ келеді, бірақ қазір оған уақтым жоқ. ♦∼ smth/smb to do smth Could you spare one of your staff to help us out? – Бізге көмекке бір қызметкерің(із)ді бере аласың(ыз) ба? ♦∼ smth/smb for smb/smth We can only spare one room for you. – Саған/ Сізге бір бөлме ғана бөле аламыз. ♦You should spare a thought for the person who cleans up after you. – Артыңнан тазалайтын адамды бір сәтке ойласаң еді. ♦He was late, but he spared a glance for the pretty girl at the desk. – Ол кеш келді, алайда стол қасындағы тартымды қызға бір қарап өтті. ♦∼ smb smth Surely you can spare me a few minutes? – Маған бірнеше минут бөліңізші. 2. (біреуді) аяу, қорғау ♦∼ smb/yourself smth He wanted to spare his mother any anxiety. – Ол анасын қобалжытқысы келмеді. ♦Please spare me the gruesome details. – Жиіркенішті нәрселерін маған айтпашы. ♦You could have spared yourself an unnecessary trip by phoning in advance. – Салпақтамай-ақ, алдын-ала телефон шалсаң болар еді ғой. ♦∼ smb/yourself from smth She was spared from the ordeal of appearing in court. – Оны сотқа шақырып қинамады. 3. (formal) аяу, аман/ сау қалдыру ♦∼ smb/smth They killed the men but spared the children. – Олар ерлерді өлтіріп, балаларды аман қалдырды. ♦She begged them to spare her life. – Ол оларға жанымды алма деп жалынды. ♦During the bombing only one house was spared. – Бомбалау кезінде бір ғана үй сау қалды. ♦The storm largely spared Houston and surrounding districts. – Дауыл Хьюстон мен оның төңірегіне пәлендей зиян келтірмеді. ♦∼ smb/smth from smth The children were spared from the virus. – Балалар вирустан аман қалды. 4. ∼ no effort, expense, etc. аянбау, аянбай/ аямай істеу, бар күшін салу ♦He spared no effort to make her happy again. – Ол оны қайта бақытты ету үшін аянбады. ♦No expense was spared in furnishing the new office. – Жаңа офисті мебелдеу үшін бар күш жұмсалды. 5. not ∼ yourself аянбау, өзін аямай істеу 6. (idm) *spare smb’s blushes (BrE) ұят жағдайдан құтқару ♦A last minute goal spared their blushes. – Соңғы сәттегі гол олардың абыройын сақтап қалды. *spare smb’s feelings біреуді ренжітіп алмас үшін байқап сөйлеу не әрекет ету ♦I kept off the subject of divorce so as to spare her feelings. – Көңліне тимес үшін, ажырасу жайлы қозғамадым. *to spare артық ақшасу/ уақты болу ♦I've got absolutely no money to spare this month. – Бұл айда артық ақшам болмай тұр. ♦We arrived at the airport with five minutes to spare. – Аэропортқа бес минут қалғанда келдік. C.n 1.қосалқы, артық, запас (нәрсе) ♦to get the spare out of the boot/trunk – машинаның артынан қосалқы дөңгелек алу ♦I've lost my key and I haven't got a spare. – Кілтімді жоғалттым, қосалқы жоқ. 2. ∼s (especially BrE) қосалқы бөлшектер (запасные части) ♦It can be difficult to get spares for some older makes of car. – Кейбір көне машиналар үшін қосалқы бөлшектер табу қиын болуы мүмкін.