spark [spɑːk] A.v 1.ұшқында(т)у, ұшқын шығару ♦a sparking, crackling fire – ұшқындаған, шыртылдаған от ♦(figurative) The game suddenly sparked to life. – Ойын кенет қыза бастады. ♦Winds brought down power lines, sparking a fire. – Жел электр желілерін құлатып, өрт тудырған. 2.бұрқ еткізу, себепші болу, туғызу, ұшқын болу ♦(ауысп мағ) ∼ smth The proposal would spark a storm of protest around the country. – Ұсыныс бүткіл елде жаппай наразылық туғызбақ. ♦(ауысп мағ) The organizers are hoping to spark some interest in young people. – Ұйымдастырушылар жастардың біраз зейінін оятуға үміттенуде. ♦(ауысп мағ) ∼ smth off The riots were sparked off by the arrest of a local leader. – Жергілікті басшының тұтқындалуы бұзақылықтарды бұрқ еткізді. 3. (phr v) *spark up smth шүйіркелесіп/ достасып/ ерегесіп кету ♦I tried to spark up a conversation with her. – Онымен шүйіркелескім келді. B.n 1.ұшқын ♦A shower of sparks flew up the chimney. – Мұржадан ұшқындар шашырай көтерілді. ♦A spark from the machinery had set fire to some material. – Жабдықтан шыққан ұшқыннан кейбір материал тұтанған. ♦sparks from a faulty light switch – ақауы бар электр қосқыштан (включатель) шыққан ұшқындар ♦A spark ignites the fuel in a car engine. – Ұшқын машина моторындағы жанармайды жағады. ♦(ауысп мағ) a spark of hope – үміт ұшқыны ♦(ауысп мағ) The woman’s eyes still had a spark of life in them. – Әйелдің көзінен әлі де өмір ұшқындап тұрған. ♦(ауысп мағ) As a writer he seemed to lack creative spark. – Жазушы ретінде оған бір ұшқын жетіспейтін. ♦These were the sparks of revolution. – Бұл(ар) революцияны тұтатқан ұшқындар еді. ♦(ауысп мағ) Sparks flew at the meeting. – Жиналыс ұшқындап жатты (тартысты өтті). ♦(ауысп мағ) She was suddenly aware of the romantic spark between them. – Ол кенет араларында бір ғашықтық ұшқынының пайда болғанын сезді. 2. (idm) *a bright spark (BrE, informal, often ironic) «жарқын ұшқын», жалындай жас адам ♦Some bright spark left the tap running all night. – Бір есуас кранды түні бойы ағызып кетіпті.