speak [spiːk] v (pt spoke [spəʊk], pp spoken [ˈspəʊkən]) 1.сөйле(с)у, айту, деу, тіл қат(ыс)у, әңгімелесу ♦∼ to smb The President refused to speak to reporters. – Президент тілшілермен сөйлеспей қойды. ♦∼ about smth We never spoke about her illness. – Оның дертін ешбір әңгімелеген емеспіз. ♦to speak freely – еркін сөйле(с)у ♦∼ to smb about smth/smb I've spoken to the manager about it. – Бұл жайлы басқарушыға айттым. ♦Can I speak with you for a minute? – Бір сәтке сенімен/ сізбен сөйлессем бола(ды) ма? ♦‘Do you know him?’ ‘Not to speak to.’ – «Оны білесің бе?» «Араласқан емеспін». ♦‘Can I speak to Susan?’ ‘Speaking.’ – (телефонмен сөйлесе бастағанда) «Сюзанмен сөйлессем бола ма?» «Сөйлеп тұрмын». ♦I saw her in the street but we didn't speak. – Оның көшеде көргеніммен, сөйлеспедік. ♦The illness left him unable to speak. – Аурудан ол сөйлей алмай қалды. ♦Please speak more slowly. – Баяу сөйле(ңіз)ші. ♦Without speaking, she stood up and went out. – Сөйлеместен ол тұрды да шығып кетті. ♦He speaks with a Scottish accent. – Ол шотланд акцентімен сөйлейді. ♦to speak several languages – бірнеше тіл білу ♦Do you speak English? – Ағылшынша білесің(із) бе/ сөйлейсің(із) бе? ♦He spoke the final words of the play. – Ол пьесаның ақырғы сөздерін айтты. ♦They had the courage to speak the truth. – Олардың шындықты айтуға дәті барды. 2. -speaking пәлен тілді, пәлен тілде сөйлейтін ♦French-speaking Canada – француз тілді Канада ♦non-English-speaking students – ағылшынша сөйлемейтін студенттер 3. ∼ of/about smth/smb сөйлеу, айту, суреттеу, еске алу, тб ♦She still speaks about him with great affection. – Ол (әйел) оны (еркек) ерекше мақтайды. ♦He was speaking publicly for the first time about the incident. – Ол оқиға жайлы алғаш рет ашық сөйледі. ♦Witnesses spoke of a great ball of flame. – Куәлер үлкен алау түйдегі жайлы айтты. ♦Her students speak very highly of her. – Студенттері оны өте мақтайды. ♦The brochure speaks of beautiful secluded grounds. – Брошюрада әдемі оңаша жерлер жайлы жазылған. 4. (жұрт алдында) сөз сөйлеу ♦Hundreds of people came to hear her speak. – Оның сөзін тыңдауға жүздеген адам келді. ♦I hate speaking in public. – Жұрт алдында сөйлегенді жақтырмаймын. ♦He was invited to speak at a conference. – Оны конференцияда сөйлеуге шақырды. ♦to speak on the radio – радиода(н) сөйлеу 5. (idm) *actions speak louder than words [қ-з: loud (В2)] *be on speaking terms (with smb) | be speaking (to smb) (бір-бірімен) сөйлесетін халде болу, шығыспай қалып қайтадан татуласу ♦She's not been on speaking terms with her uncle for years. – Ол ағайымен талай жыл сөйлеспей жүр. ♦Are they speaking to each other again yet? – Олар татуласып па? *the facts speak for themselves [қ-з: fact (3)] *generally, broadly, roughly, relatively, etc. speaking жалпы/ тура(сынан)/ салыстыра айтқанда ♦Generally speaking, the more you pay, the more you get. – Жалпы айтқанда, көп төлесең, көп аласың. ♦There are, broadly speaking, two ways of doing this. – Жалпы айтқанда, бұны ітсеудің екі жолы бар. ♦Personally speaking, I've always preferred Italian food. – Өзім ғой, қашан да итальян кухнясын жақсы көремін. *in a manner of speaking [қ-з: manner (5)] *no…/nothing to speak of айтуға тұрмайтындай аз ғана ♦They've got no friends to speak of. – Олардың пәлендей бір достары жоқ. ♦She's saved a little money but nothing to speak of. – Ол аз ғана ақша жиды, айтуға да тұрмайды. *so to speak былай(ша) айтқанда, әйтеуір ♦They were all very similar. All cut from the same cloth, so to speak. – Олардың бәрі бір-біріне өте ұқсас еді. Бәрі де бір матадан пішілген, быйлаша айтқанда. ♦He was a fixer, so to speak - a man who could get things done. – Ол мығым еді, былайша айтқанда, істі тындыра білетін. *speak for itself/themselves өзінен-өзі көрініп тұр ♦Her success speaks for itself. – Оның табысы көрініп тұр. ♦Recent events speak for themselves. – Кейінгі оқиғалар біраз нәрсені аңғартады. *speak for myself/herself/himself, etc. мен өзім айта аламын/ ол өзі айта алады ♦I'm quite capable of speaking for myself, thank you! – Өзім-ақ айта аламын, рахмет! *speak for yourself (informal) басқалар жайлы емес, тек өзің туралы айт дег мағ ♦‘We didn't play very well.’ ‘Speak for yourself!’ – «Біз онша жақсы ойнамадық». «Өзің жайлы ғана айтсаңшы». *speak/think ill of smb (formal) біреу жайлы жаман сөйлеу/ ойлау ♦Don't speak ill of the dead. – Өлілер жайлы жаман сөйлеме. *speaking as smth пәлен ретінде айтқанда ♦Speaking as a parent, I'm very concerned about standards in education. – Ата-ана ретінде айтқанда, оқу деңгейіне бола қатты уайымдаймын. *speak your mind [қ-з: mind (А6)] *speak/talk of the devil [қ-з: devil (3)] *speak/talk out of turn орынсыз сөйлеу, жұрт алдында айтпайтын нәрсені айту *speak/talk the same language [қ-з: language (2)] *speak volumes (about/for smth/smb) біреудің/ бірн-ң қандай екенін білдіру/ көрсету ♦His achievement speaks volumes for his determination. – Оның жетістігі оның қаншалықты табанды екенін көрсетеді. ♦What you wear speaks volumes about you. – Киімің өзіңнің қандай екеніңді көрсетеді. *speak well/ill of smb (formal) біреу жайлы жақсы/ жаман айту/ сөйлеу ♦She never speaks ill of anyone. – Ол ешкім жайлы жаман айтпайды. *strictly speaking дәл/ тура айтқанда/ айтсақ ♦Strictly speaking, the book is not a novel, but a short story. – Дәл(ірек) айтса(қ), кітап роман емес, қысқа әңгіме. ♦Using the word in that context is not, strictly speaking, correct. – Бұл сөзді ана контексте қолданған, дәл айтса, дұрыс емес. 6. (phr v) *speak for smb біреудің/ белгілі бір топтың мүддесін/ пайдасын ойлау, солар үшін әрекет ету; біреудің атынан сөйлеу, біреу үшін сөйлеу ♦Our party speaks for the poor and unemployed. – Партиямыз кедейлер мен жұмыссыздардың қамын ойлайды. ♦I can’t speak for the others, but I’d love to come myself. – Басқалар қайдам, өзім ғой қуана келер едім. ♦I speak for all my colleagues. – Бар(лық) әріптесім үшін айтамын. *speak of smth (formal) бірн-ң өзі көрсету/ аңғарту, бірн-ге қарап ұғу ♦Everything here speaks of perfect good taste. – Бұндағы әрнәрсе үздік талғамды көрсетеді. *speak out (against smth) пікірін ашық айту ♦He was the only one to speak out against the decision. – Шешімге қарсы шыққан сол ғана болды. ♦He spoke out against mismanagement. – Ол бұрыс басқаруға қарсы шықты. *speak to smb (about smth) (informal) біреуге бірн-е жайлы ескерту ♦This is the third time I’ve had to speak to him about being late. – Оған кешікпе деп үшінші рет айтып отырмын. ♦I've spoken to Ed about it and he's promised not to let it happen again. – Эдке бұл жайлы айттым, ол енді қайталанбайды деп уәде етті. *speak to smb/smth қызықтыру, тарту ♦The story spoke to him directly. – Әңгіме оны бірден қызықтырды. ♦It's a design that speaks to the senses. – Бұл көңілге қонымды дезайн. *speak to smth a) талқылау, пікір білдіру ♦The show wants to speak to real issues affecting young people. – Шоу жастарға әсер ететін нақты мәселелерді талқылағысы келеді. b) мысал/ айғақ болу, аңғарту, көрсету ♦The number of cleaning firms speaks to the fact that cleaning is considered an important service. – Тазалаушы фирмалардың саны тазалаудың маңызды қызмет/ сервис екенін көрсетеді. *speak up қатты/ дауыстай сөйле ♦Please speak up - we can't hear you at the back. – Дауыстай сөйлеңізші – арт жақтан сізді ести алмай жатырмыз. *speak up (for smb/smth) (біреуді/ бірн-ні жақтай я қорғай) ойын/ пікірін ашық айту/ білдіру
-speak [spiːk] comb form (informal, often disapproving) белгілі бір ортаға тән тіл ♦Visitors to websites don't want to read marketing-speak. – Уэб-сайтқа кірушілер маркетиң тілін оқығысы келмейді. ♦Unlike his colleagues, he avoids White House speak. – Әріптестері сияқты емес, ол Ақ үйге тән тілмен сөйлемейді.