special [ˈspeʃl] A.adj 1.ерекше, арнайы, өзгеше, бөлекше (syn: exceptional) ♦special circumstances – ерекше/ бөлекше жағдайлар ♦Some of the officials have special privileges. – Кейбір ресми өкілдердің арнайы жеңілдіктері/ привилегиялары бар. ♦There is something special about this place. – Бұл жердің өзінің бір ерекшелігі бар. ♦This type of wood needs special treatment. – Бұндай ағашқа арнайы/ өзгеше өңдеу қажет. ♦What are your special interests? – Неге/ Не нәрселерге ерекше қызығасың(ыз)? ♦Our special guest on next week’s show will be… - Келесі аптадағы шоуымыздың арнайы қонағы ... болмақ. ♦a special occasion – ерекше оқиға ♦It's a film that holds a special place in my heart. – Бұл жүрегімнен ерекше орын алған фильм. ♦British special forces – Британия арнайы күштері ♦a special event/report/team – арнайы оқиға/ хабар/ команда ♦These teachers need special training. – Бұл мұғалімдерге арнайы дайындық қажет. ♦a United Nations special envoy – БҰҰ арнайы өкілі ♦a special meeting – арнайы жиналыс ♦As an only child she got special attention. – Үйдегі жалғыз бала болған соң оған ерекше көңіл бөлді. ♦special thanks – (біреуге) ерекше рахмет/ ризашылық ♦People who grow things have a special relationship with the land. – Егіншілікпен айналысатын адамдар жерге өзгеше қарайды. ♦Please take special care of it. – Бұған өте абай бол. 2.өзінше, өзгеше, бөлекше, ерекше ♦She has a special way of smiling. – Оның өзінше бір жымиысы бар. ♦He enlivens his lectures with his own special brand of humour. – Оның (өз) лекциясын өзіне тән әзілмен жандандырып жіберетіні бар. ♦He sent a special message to the men. – Ол ерлерге бөлекше хабар жіберді. B.n 1.арнайы нәрсе, ерекше оқиға, тб ♦an election-night special on television – телевизордан сайлау түнгі арнайы хабар ♦The menu changes regularly and there are daily specials to choose from. – Меню ұдайы өзгеріп отырады және онда күн сайын болатын арнайы тағамдар бар. 2. (informal, especially NAmE) арнайы арзандатылған баға ♦There's a special on coffee this week. – Осы аптада кофе арзан. 3. (idm) *on special (especially NAmE) арнайы арзандатылған баға ♦The chocolates were on special at my local store. – Жергілікті дүкенімде бұл шоколадтар бір уақыт арзан сатылды.