speculate [ˈspekjuleɪt] v 1.пайымдау, болжау, талқылау, әңгімелеу ♦∼ (about/on/as to smth) We all speculated about the reasons for her resignation. – Бәріміз оның неге қызметтен түскенінің себебін әңгімеледік. ♦They were all speculating as to the identity of the stranger. – Бәрі де бөтен адамның кім екені туралы пайымдап жатты. ♦∼ why, how, etc… It is useless to speculate why he did it. – Оның неге бүйткені туралы әңгімелеудің пайдасы жоқ. 2. ∼ (in/on smth) (пайда үшін) алып сату, алыпсатарлықпен айналысу ♦He likes to speculate on the stock market. – Ол қор биржасында саудалағанды жақсы көреді.