speed [spiːd] A.n 1.жылдамдық, қарқын ♦at … ∼ at high/low/full/top speed – жоғары/ төмен/ бар(ынша)/ ең жоғарғы жылдамдық/ қарқын ¨a fast/slow speed – тез/ баяу жылдамдық ♦London traffic moves at an average speed of 11 mph. – Лондонда көліктер шамамен сағатына 11 миль жылдамдықпен қозғалады. ♦∼ of smth travelling at the speed of light/sound – жарық/ дыбыс жылдамдығымен қозғалған ♦a speed of 50 mph/80 kph – сағатына 50 миль/ 80 км жылдамдық ♦The missile reaches speeds of 5 800 kilometres per hour. – Ракета сағатына 5800 км жылдамдыққа жетеді. ♦The train began to pick up speed. – Пойыз тез қозғала/ қарқын ала бастады. ♦the processing speed of the computer – компьютердің өңдеу жылдамдығы ♦the speed of delivery – жеткізу жылдамдығы ♦The Kenyan runner put on a sudden burst of speed over the last 50 metres. – Кениялық желаяқ соңғы елу метрде құйғыта жөнелді. ♦She was overtaken by the speed of events. – Қауырт оқиғалар оның жоспарын бұзды. ♦(formal) A car flashed past them at speed. – Машина олардың жанына зу ете қалды. ♦If a footballer lacks speed, he has no chance at the top level. – Футболшы шабан болса, үздіктердің қатарына іліге алмайды. 2.фотоаппарат пленкасының жарық сезгіштігі (светочувствительность фотоматериала) 3. = shutter speed 4.жылдамдық, скорость, беріліс қорабы (коробка передач машины) ♦a four-speed gearbox – төрт жылдамдықты беріліс қорабы ♦a ten-speed mountain bike – он жылдамдықты тау велосипеді 5. (informal) амфетамин (есірткі, наркотик) 6. (idm) *full speed/steam ahead бар жылдамдығымен/ қарқынымен ♦We as a company are moving full speed ahead. – Біз компания ретінде бар қарқынмен жылжудамыз. *more haste, less speed (BrE, saying) асықпаған арбамен қоян алады, асықсаң - сүрінесің *a turn of speed кенет қарқындату/ жылдамдату ♦He put on an impressive turn of speed in the last lap. – Соңғы айналымда ол керемет қарқын алды. ♦For a small car it has a good turn of speed. – Кішкентай машина болса да қарқыны қатты екен. *up to speed (on smth) (кісі, компания ж) ойдағыдай/ жоспардағыдай істеу, тб ♦the cost of bringing the chosen schools up to speed – іріктелген мектептерді межелі деңгейге жеткізу құны ♦(ауысп мағ) Are you up to speed yet on the latest developments? – Соңғы өзгерістерден хабардарсың ба? B.v (pt, pp sped [sped] не speeded [ˈspiːdɪd]) 1.тез/ шапшаң/ жылдам қозғалу ♦They sped off to get help. – Олар көмек табу үшін тез жүріп кетті. ♦The car sped along the road towards the village. – Машина жол бойымен ауылға құйғытты. ♦He sped away on his bike. – Велосипедіне мініп тез кетіп қалды. ♦the sound of a motorcycle speeding down the street – көшемен ызғытып бара жатқан мотоцикл үні ♦We turned and watched a train speeding by. – Бұрылып, ызғыта өтіп бара жатқан пойызға қарадық. 2. ∼ smb/smth (formal) (машинамен) тез/ жылдам/ шапшаң тасу/ апару/ жеткізу ♦The cab speeded them into the centre of the city. – Такси оларды қала ортасына тез әкеліп тастады. 3. ∼ smth (formal) тездет(кіз)у, жылдамдат(қыз)у, шапшаңдату, тез болғызу/ істеткізу, тб ♦The drugs will speed her recovery. – Дәрілер оның сауығуын тездетеді. ♦More is needed to speed the development of a safe and effective vaccine. – Қауіпсіз әрі мықты вакцинаны шығаруды тездету үшін көп нәрсе керек. 4. (заңды шектен) асыра/ қатты айдау, жылдамдықты асыру ♦The police caught him speeding. – Полиция оны қатты айдағаны үшін ұстады. ♦Most drivers speed, at least occasionally. – Жүргізушілердің көбі, әйтеуір кейде қатты айдап қояды. 5. (phr v) *speed up | speed smth up қарқын ал(ғыз)у, тездет(кіз)у, жылдамдат(қыз)у ♦The train soon speeded up. – Пойыз біраздан соң қарқын ала бастады. ♦Can you try and speed things up a bit? – Сәл жылдамдатасың ба?