spell [spel] A.v (pt, pp spelt [spelt]) 1. ∼ smth сөздің әріптерін айту не жазу ♦I thought her name was Catherine, but it's Kathryn spelt with a ‘K’. – Аты Catherine екен десем, Kathryn екен, ‘K’-мен жазады. ♦Should 'internet' be spelled with a capital or lower case i? - 'Internet'-ті бас әріппен жаза ма, жоқ кіші әріппен бе? ♦How do you spell your surname? – Фамилияң(ыз)ды қалай жазасыз. ♦You've spelt my name wrong. – Аты-жөнімді қате жазыпсың(ыз). ♦C—A—T spells ‘cat’. - C—A—T (си-эй-ти) ‘cat’ болады. 2. ∼ smth (for smb/smth) бірн-ге душар ету/ ұрындыру; бірн-ні білдіру/ аңғарту ♦The crop failure spelt disaster for many farmers. – Егіннің шықпауынан талай фермер пәлеге душар болды. ♦This defeat spelt the end of his hopes of winning the title again. – Осы жеңіліс оның қайта жеңімпаз боламын деген үмітін тәмам етті. 3. ∼ smb (NAmE, informal) жұмыста, тб біреуді уақытша алмастыру/ ауыстыру ♦Carter will be here in an hour to spell you. – Картер бір сағатта келіп, сені/ сізді ауыстырады. 4. (phr v) *spell smth out a) [қ-з: spell (A1)] b) анық әрі жай/ қарапайым түсіндіру ♦His speech spelled out a clear message to the car industry. – Оның сөзінде машина индустриясына қарата нақты нәрселер айтылды. ♦Let me spell out why we need more money. – Бізге неге тағы ақша керек екенін саған/ сізге жай айтып ұқтырайын. ♦She spelled out precisely what she wanted. – Өзіне не керектігін ол нақты түсіндірді. B.n 1.кез(ең), уақыт ♦We had a spell of warm weather in April. – Сәуірде бізде бір жылы кез(ең) болды. ♦a cold spell – суық кезең ♦There will be rain at first, with sunny spells later. – Алдымен жауын жауып, сосын ара-тұра күн шықпақ. ♦She had a spell as a singer before becoming an actress. – Актриса болмас бұрын ол қысқа кезең әнші болды. 2.сиқырлы/ дуалы/ арбайтын сөздер, дуа, сиқыр, арбау (syn: enchantment) ♦a magic spell – дуалау, сиқырлау ♦a book of spells – дуа/ сиқыр кітабы ¨The wizard recited a spell. – Сиқыршы сиқыр(лы) сөздерді айтты. ♦to cast/put a spell on somebody – біреуді дуалау/ сиқырлау/ арбау ♦under a ∼ to be under a spell – дуаның астында/ әсерінде болу 3. «сиқыр», тартымдылық, елітетіндік, еліктіретіндік (syn: charm) ♦I completely fell under her spell. – Оның сиқырына мүлде елідім. ♦Since last century the spell of the pyramids has drawn tourists to Egypt. – Өткен ғасырдан бері пирамидалар сиқыры туристерді Египетке еліктіруде. 4. (idm) *weave a spell (over smb) | weave your magic (especially BrE) «дуалау», «сиқырлау», баурау, еліту, еліктіру, қызықтыру, тарту ♦Japan is gradually weaving a spell over me. – Жапония күн өткен сайын мені баурап барады.