spine [spaɪn] n 1.омыртқа (syn: backbone) ♦A shiver went down my spine. – Омыртқамды мұз қарып өткендей болды. ♦the nerves in the spine – омыртқа жүйкелері/ нервтері 2.өзек, негіз ♦These speeches form the spine of his election campaign. – Бұл (сөйленген) сөздер - сайлау науқанының/ кампаниясының негізі. 3.жігер, қайрат, мінез ♦Their protests stiffened the spines of party activists. – Олардың қарсылықтары партия активистерінің жігерін жаныды. ♦The legislature must grow a spine and demand these changes. – Заң шығару билігі қайрат көрсетіп, осы өзгерістерді талап етуі тиіс. 4. (кейбір аңдар мен өсімдіктердің үстіндегі) тікен(ек-тер) ♦Porcupines use their spines to protect themselves. – Жайралардың/ Поркупайндердің тікендері өздерін қорғайды. 5.түп (кітап, дәптер беттерінің біріккен тұсы)