spiral [ˈspaɪrəl] A.n 1.спираль, шиыршық ♦The birds circled in a slow spiral above the house. – Құстар үй үстінде иіріле қалықтады. ♦A spiral of smoke rose from the chimney. – Мұржадан будақтай түтін көтерілді. 2.қауырт ұлғаю не құлдырау ♦How can we halt the destructive spiral of violence in the inner cities? – Қаладағы жойқын бұзақылықты қалай тоқтатсақ болады? ♦measures to control the inflationary spiral – жалмаңдаған инфляцияны тізгіндеу шаралары ♦the upward/downward spiral of sales – сауданың қауырт артуы/ құлдырауы B.adj спираль, шиыршық ♦A snail's shell is spiral in form. – Ұлу қабығы – шиыршық пішінді. B.v 1.иіріле көтерілу не түсу ♦Smoke spiralled into the sky. – Түтін аспанға (қарата) будақтады. ♦The unmanned flying object spiralled down to the ground. – Ұшқышсыз ұшатын нәрсе иіріліп барып жерге құлады. 2.қауырт өсу ♦the spiralling cost of healthcare – шарықтаған денсаулық сақтау құны ♦Prices are spiralling out of control. – Бағалар тізгіннен шығып барады. 3. (phr v) *spiral down/downward/downwards күрт азаю, құлдырау ♦Shares in the company continued to spiral downwards. – Компания акциялары құлдырай түсті. *spiral up/upward/upwards күрт арту/ өсу ♦Property prices have been spiralling upwards. – Үй-жай бағалары шарықтауда.