spit [spɪt] A.v (pt, pp spat [spæt] не (especially NAmE) spit [spɪt]) 1. түкіру, түкіріну, қақыр(ын)у ♦∼ smth (from smth) He was spitting blood from a badly cut lip. – Қатты тілінген ернінен ол қан түкіріп жатты. ♦He coughed and spat. – Ол жөтеліп, қақырды. ♦She spat in his face and went out. – Ол оның бетіне түкіріп, шығып кетті. 2.ашулана түкір(ін)у, қақыр(ын)у, ызалана сөйлеу ♦‘You liar!’ she spat. – «Суайтсың сен!» деп ол түкірінді. ♦He was dragged out of the court, spitting abuse at the judge and jury. – Судья мен алқабилерге (присяжные) балағаттай сөйлеген оны соттан сүйреп шығарып тастады. 3.ысылдау ♦Snakes spit and hiss when they are cornered. – Өзіне қауіп төнгенде жыландар ысылдайды. ♦The cat arched its back and spat at the dog. – Мысық жонын күжірейтіп, итке ысылдады. 4.шыртылдау, шартылдау ♦sausages spitting in the frying pan – табада шыжғырылған сосискалардың шыртылы ♦The logs on the fire crackled and spat. – Оттағы шөркелер пытырлап, шытырлады. 5. (informal) өткінші жаңбыр жауу 6. (idm) *spit it out (informal) сөйле, айт ♦If you've got something to say, spit it out! – Айтатын нәрсең болса, айт! *spit venom/blood «у/ қан түкіру/ шашу», өте ызалану, өте ашулы болу ♦She looked at him with eyes that spat venom. – Ол оған көзінен у шаша қарады. *within spitting distance (of smth) (BrE) (also within touching distance) (also within shouting distance especially NAmE) [қ-з: shouting (2)] 7. (phr v) *spit up (NAmEn, informal) (сәби ж) құсу B.n 1.түкірік, қақырық (syn: saliva) 2.түкіру, қақыру 3. (теңізге, көлге сұғына енген) жіңішке түбек, жіңішке жолақ/ иін/ қайыр 4. (шашлық түйрейтін) істік, шанышқы (шампур) ♦chickens roasting on a spit – істікте қақталып жатқан тауықтар 5. (idm) *spit and polish [қ-з: polish (A6)]