split [splɪt] A.v (pt, pp split [splɪt]) 1.бөл(ін)у, айыр(ыл)у бөлу, ыдыра(т)у, жар(ыл)у, жікте(л)у ♦He was a member of the team that split the atom in 1932. – Ол 1932 жылы атомды ыдыратқан топтың мүшесі болды. ♦Split the coconut in half. - Кокосты қақ жару. ♦She split the class into groups of four. – Ол класты/ сыныпты төрт-төрттен бөлді. ♦Each chapter is split into two parts. – Әр тарау екі бөлімге бөлінген. ♦She split the money she won with her brother. – Ол ұтқан ақшасының жартысын бауырына берді. ♦The two men agreed to split the proceeds. – Екеуі пайданы тең бөлуге келісті. ♦We share a house and split all the bills. – Бір үйде бірге тұрып, төлемдерді бөліп төлейміз. ♦The committee split over government subsidies. – Үкімет субсидиялары жөнінде комитетте жік/ келіспеушілік пайда болды. ♦His candidacy split the Republican vote. – Оның кандидатурасы республикашылдардың даусын бөлді. ♦The party is deeply split on this issue. – Осы мәселе бойынша партия ішінде терең қайшылық/ жік бар. ♦Her dress had split along the seam. – Көйлегі тігісінен сөтіліп/ айрылып кетті. ♦The cushion split open and sent feathers everywhere. – Жастық айырылып, құс қанаттары жан-жаққа ұшты. 2. (денесін) тілу, жару ♦She fell downstairs and split her head open. – Ол баспалдақтан төмен құлап, басын жарып алды. ♦How did you split your lip? – Ерніңді қалай тіліп/ жарып алғансың? 3. (informal) ажырасу, айырылысу, қатынасын үзу ♦The singer split with his wife last June. – Әнші әйелімен маусым айында ажырасып кетті. 4. (old-fashioned, informal) тез кетіп қалу, таю ♦Let's split! – Таялық! 5. (idm) *split the difference (саудаласқанда, тб) өзара шегіну ♦I offered €200 but he wanted €300. In the end, we split the difference and I paid him €250. – Оған €200 ұсындым, ал ол €300 сұрады. Ақыры өзара шегініп, оған €250 төледім. *split/divide (smth) down the middle [қ-з: middle (A3)] *split hairs талқылау кезінде ұсақ-түйекке тым көңіл бөлу *split your sides (laughing/with laughter) [қ-з: side (A20)] *split the ticket (US, politics) (бір уақытта) бірнеше кандидатқа дауыс беру 6. (phr v) *split away/off (from smth) | split smth away/off (from smth) бөлініп кету, бөлу, айыр(ыл)у ♦A rebel faction has split away from the main group. – Келіспеуші топ негізгі топтан бөлініп кетті. ♦The storm split a branch off from the main trunk. – Дауыл ағаштың діңіндегі бұтақты жұлып тастады. *split on smb (to smb) (BrE, informal) билік орындарына біреудің теріс ісі, тб жайлы хабарлау ♦Don't worry - he won't split on us. – Уайымдама – ол біз жайлы айтпайды. *split up (with smb) (біреумен) ажырасу, айырылысу ♦My parents split up last year. – Ата-анам өткен жылы ажырасып кетті. ♦She's split up with her boyfriend. – Ол жігітімен айырылысып кетті. *split smb up (екі адамды) ажырастыру, ажырату, айыру, айырылыстыру *split smb up | split up топқа бөл(ін)у ♦We were split up into groups to discuss the question. – Топ-топқа бөлініп, мәселені талқыладық. ♦Let's split up now and meet again at lunchtime. – Қазір тар(қ)ап, түскі ас уақтында қайта жолығалық. *split smth up (бірн-ні) бөлу ♦The day was split up into 6 one-hour sessions. – Күнді бір сағаттық 6 сабаққа бөлді. B.n 1. (өзара) келіспеушілік, қайшылық, алауыздық, жік ♦a damaging split within the party leadership – партия жетекшілері арасындағы зиянды алауыздық/ жік ♦The move threatened to cause a split in the movement. – Бұл қадамнан қозғалысқа жікке бөліну қаупі төнді. 2.жыртық, жыртылған/ айырылған тұс ♦There's a big split in the tent. – Шатырда (палаткада) үлкен жыртық бар. 3.бөлік ♦He demanded a 50-50 split in the profits. – Ол пайданы елу де елуге бөлуді талап етті. ♦It's an even split; some love it, some hate it. – Теңдей бөлінген; кейбіреуі бұны жақсы көреді, кейбіреуі жеккөреді. 4. the ∼s (US also ∼) шатқа отыру, аяғын екі жаққа кере отыру, шпагатқа отыру ♦a gymnast doing the splits – шпагат жасап жатқан гимнаст