spot [spɒt] A.n 1. дақ, таңдақ, теңбіл, нүкте ♦Which has spots, the leopard or the tiger? – Қабылан мен жолбарыстың қайсысында теңбіл бар? ♦The male bird has a red spot on its beak. – Құстың қоразының тұмсығында қызыл дақ бар. ♦(BrE) She was wearing a black skirt with white spots. – Ол ақ нүктелері/ таңдақтары бар юбка киіп жүрді. 2. (адам терісіндегі) дақ, нүкте, таңдақ, теңбіл; қал, мең, түйін, безеу, бөртпе ♦The baby's whole body was covered in small red spots. – Сәбидің бүткіл денесі қызарып, бөртіп кетіпті. ♦He had a large spot on his nose. – Мұрнында үлкен қал бар еді. ♦The aim of acne treatments is to shorten the length of time someone has spots. – Безеуді емдеудің мақсаты терідегі дақтарды кетіру. ♦(BrE) teenagers worried about their spots – денесіндегі бөртпелерге бола уайымдаған жеткіншектер ♦The children all had measles, and had broken out in spots. – Балалардың бәріне қызыл шығып, орнында дақ(тар) қалды. ♦enlarged pores and spots on the skin – терінің үлкейген тесіктері мен дақтары 3.сатпақ, дақ, сірне ♦His jacket was covered with spots of mud. – Оның жакетіне балшық шашырапты. ♦rust spots – дат/ тот дақтары ♦There were grease spots all over the walls. – Қабырғалардың бар(лық) тұсында сатпақ болды. 4.орын, тұс, жер ♦a quiet/secluded/lonely spot – тыныш/ оңаша/ оқшау тұс ♦This is a favourite spot for walkers and climbers. – Бұл жүрушілер мен өрмелеушілердің жақсы көретін орны/ жері. ♦a parking spot – көлік орны ♦a spot to sleep – ұйықтайтын жер ♦a tourist spot – турист/ туризм орны ♦She placed the ball on the penalty spot and waited for the whistle. – Ол допты пенальти нүктесіне қойып, ысқырық күтті. ♦He usually wears a hat to hide his bald spot. – Басының тазын көрсетпес үшін ол әдетте қалпақ киіп жүреді. ♦(figurative) From her angry reply it was obvious that I had touched a sensitive spot. – Ашулы жауабынан оның жанды жеріне тиіп кеткенімді ұқтым. 5. ∼ of smth (BrE, informal) аз(даған)/ біраз нәрсе (syn: bit) ♦He's in a spot of trouble. – Ал аздап бір қиындыққа тап болды. ♦Would you like a spot of lunch? – Біраз түстенесің бе? ♦She’s gone out to do a spot of shopping. – Ол біраз дүкен аралауға кетті. 6. ∼ (of smth) тамшы ♦There was a spot of rain in the afternoon. – Түсткен кейін біраз жаңбыр себеледі. 7. (сайыстағы, командадағы, тб) орын ♦two teams battling for (the) top spot – бірінші орынға таласқан қос команда ♦She has earned a spot on the national team. – Ол ұлттық командадан орын алды. 8. (informal) жарық шоғыры 9. (idm) *a/the bright spot қиын кездегі жақсы/ жарқын нәрсе ♦The win last week was the only bright spot in their last ten games. – Өткен аптадағы жеңіс олардың соңғы он ойындағы жалғыз ғана жарқын нәрсесі болды. ♦The birth of my son was the one bright spot in a terrible year. – Ұлымның дүниеге келуі ауыр жылдағы бір жарқын оқиға болды. *glued/riveted/rooted to the spot [қ-з: rivet (В3)] *have a soft spot for smb/smth [қ-з: soft (12)] *hit the spot [қ-з: hit (А12)] *in a (tight) spot/corner(informal) қиын жағдайда(ғы) ♦She’ll always help you if you’re in a spot. – Қиын кезде ол ылғи көмекке келеді. *knock spots off smb/smth [қ-з: spot (А8)] *a leopard cannot change its spots [қ-з: leopard (2)] *on the spot a) бірден, дереу, лезде ♦He answered the question on the spot. – Ол сұраққа бірден жауап берді. ♦an on-the-spot parking fine – бірден салған көлік қою штрафы/ айыппұлы b) сол жерде, тиісті жерде/ тұста ♦An ambulance was on the spot within minutes. – Жедел жәрдем сол жерге бірнеше минутта жетіп келді. ♦an on-the-spot report – оқиға орнынан хабарлау c) (NAmE also in place) бір орында, қозғалмастан ♦Running in place is good exercise. – Бір орында жүгіру – жақсы шынығу. *put smb on the spot «біреуді орнына қою», біреуді қиын жағдайға қалдыру ♦The interviewer's questions really put him on the spot. – Сұхбатшының сұрақтары оның құтын қашырды. B.v 1.байқап/ көріп қалу, байқау, көру ♦∼ smb/smth Can you spot the difference between these two pictures? – Осы екі суреттің айырмасын байқай аласың ба? ♦She's always quick to spot an opportunity. – Ол оңтайлы сәтті бірден байқайды. ♦He was only seven years old when someone first spotted his talent. – Дарынын/ Талантын біреу байқағанда ол небәрі жетіде еді. ♦Spotting the disease early can save lives. – Ауруды ерте байқаса, адам өмірін аман алып қалу мүмкін. ♦I finally spotted my friend in the crowd. – Ақыры досымды топтан байқадым. 2. ∼ smb/smth smth (NAmE, sport) қарсыласқа басымдық беріп қою ♦We spotted the opposing team two goals. – Қарсылас командаға екі гол беріп қойдық. 3. (idm) *be spotted with smth дақ(тар)/ сатпақ, тб түсу/ басу ♦His shirt was spotted with oil. – Жейдесіне май шашырапты. C.adj (business) бірден төлейтін, спот ♦spot prices – спот бағалар, бірдем төлем бағалары