spread [spred] A.v (pt, pp spread [spred]) 1.тарау, жайылу; тарату, жаю ♦The news had spread and was causing great excitement. – Хабар тарап, жүрты елеңдетіп жатқан еді. ♦Use of computers spread rapidly during that period. – Сол кезде компьютер қолдану тез тарады. ♦The disease spreads easily. – Ауру тез тарайды/ жайылады. ♦The disease is spread by mosquitoes. – Бұл ауруды маса жаяды/ таратады. ♦The depression started in the US and spread quickly throughout the world. – Күйзеліс/ Депрессия АҚШ-та басталып, тез арада дүниеге жайылды. ♦The fire rapidly spread to adjoining buildings. – Өрт көрші үйлерге тез жайылды/ ойысты. ♦Water began to spread across the floor. – Су еденге жайыла бастады. ♦Allow plenty of space for this plant as its roots spread widely. – Тамыры жайылатындықтан бұл өсімдікті кең жерге отырғыз. ♦Seeds and pollen are spread by the wind. – Дәндер мен тозаңдарды жел таратады. ♦We have 10 000 members spread all over the country. – Бүткіл елдің әр тұсында он мың мүшеміз бар. 2. ∼ (out) жайылып жату, жерді алып жату ♦The valley spread out beneath us. – Астымызда алқап созылып жатты. 3.жаю, жағып жаю, жағу, шашу ♦∼ smth They spread manure in both spring and autumn. – Олар егістікке көктем мен күзде де қи/ бопыр шашады/ жаяды. ♦∼ (A on/over B) to spread butter on pieces of toast – нанға май жағу ♦Birds spread the oil over their feathers to keep them warm and dry. – Жылы болып, су өткізбес үшін құстар қанаттарына май жағады. 4.жаю, жазу ♦∼ smth (out) The bird spread its wings. – Құс қанатын жазды/ жайды. ♦a bird with its wings spread wide – қанатын кең жазған құс ♦∼ smth (out) on/over smth They spread a cloth on the table. – Олар столға дастархан жайды. ♦Sue spread the map out on the floor. – Сью картаны еденге жайды. ♦We spread the rug out on the floor. – Еденге төсеніш төседік. ♦Papers had been spread out on the desk. – Қағаздар столда жайылып жатты. ♦She spread out photographs of her grandchildren. – Ол немерелерінің суреттерін жайды. ♦She spread her arms and the child ran towards her. – Ол қолдарын жазғанда, сәби оған жүгірді. 5. бас бармақ пен саусақты смартфон, тб экранына қойып ондағы бейнені ұлғайту/ кішірейту ♦Re-size the text by using the pinch and spread gestures on the screen. – Экрандағы текст көлемін саусақпен ықшамда. 6.бөлу, созу, жаю 7. созу, бөлу ♦∼ smth Why not pay monthly and spread the cost of your car insurance? – Ай сайын төлеп, машинаңның сақтандыру (страхование) шығындарын созбайсың ба/ бөлмейсің бе? ♦The course takes forty hours, spread over twenty weeks. – Курс жиырма аптаға бөлінген қырық сағаттан тұрады. ♦We attempted to spread the workload between the departments. – Жұмысты бөлімдер арасында бөлуге тырыстық. 8. (idm) *spread like wildfire өрттей тарау, (хабар, тб) тез тарау ♦The news spread like wildfire. – Хабар қаулай тарады. *spread your net [қ-з: net (А6)] *spread your wings қанатын жаю, өзіне-өзі сенімді бола бастау, дербес бола бастау ♦Going to college gave her the chance to spread her wings. – Колледжге барып, ол өз бетінше өмір сүре бастады. *spread the word насихаттау, жұртқа айтып түсіндіру ♦I'm always trying to spread the word about healthy eating. – Қашан да дұрыстап тамақтануды насихаттауға тырысамын. *spread yourself too thin әрнәрсені бір шалу, не істерін білмей шатасу ♦With four markets to manage, there's a danger that's she's spreading herself too thin. – Төрт рынокты басқарамын деп, оның шатасуы мүмкін. 9. (phr v) *spread out | spread yourself out a) денесін созу, бойын жазу; заттарын рет-ретімен қою b) жайылу, бөліну, жазылу, тарай орналасу ♦The searchers spread out to cover the area faster. – Іздеушілер ол жерді тез қарап шығу үшін жеке-жеке бөлінді. B.n 1.тара(л)у, жайылу ♦measures to halt the spread of the disease – аурудың таралуын ауыздықтамақ шаралар ♦to prevent/stop the spread of something – бірнәрсенің таралуын бөгеу/ тоқтату ♦One disadvantage is the company's lack of geographical spread. – Компанияның бір осал тұсы – географиялық таралуының аздығы. ♦limiting the spread of nuclear weapons – ядролық қарудың таралуын шектеу ♦the spread of a city into the surrounding areas – қаланың төңірекке жайылуы 2. ∼ (of smth/smb) ауқым; әртүрлілік, әралуандық ♦a broad spread of opinions – пікір алуандығы/ түрлілігі 3.нанға, тб жағылған май, тб ♦Use a low-fat spread instead of butter. – Сары майдың орнына майы аз нәрсе қолдан. 4. ∼ (of smth) таралу, болу, орналасу; ауқым, көлем ♦The company has a good geographical spread of hotels in this country. – Компанияның осы елде қонақ үйлері кең тарала орналасқан. ♦The current survey will have a wider geographical spread. – Бұл сауалнаманың географиялық ауқымы кеңірек болмақ. 5. ∼ (of smth) ауқым, көлем ♦The bird's wings have a spread of nearly a metre. – Бұл құстың қанатын жайылғанда ауқымы бір метрге жуық(тайды). 6.басылым; мақала; жарнама ♦a double-page spread on the inside pages – ішкі беттердегі екі беттік басылым/ жарнама 7. (informal) үлкен ас/ қонақасы ♦They had laid on a huge spread for the party. – Олар сауық-кешке үлкен дастархан әзірледі. 8. ∼ (of smth) (NAmE) жер, учаске; су ♦a vast spread of water – ірі су ♦They have a huge spread in California. – Олардың Калифорнияда көлемді жері бар. 9.баға/ курс айырмасы 10. (NAmE) (also bedspread, bedcover) төсек жапқыш (жамылғы)