spring [sprɪŋ] A.n 1.көктем (мезгілі) ♦in (the) ∼ flowers that bloom in (the) spring – көктемде гүлдейтін гүлдер ♦The birds arrive in late spring and leave again in early autumn. – Құстар көктемде кеш келіп, күзде ерте кетеді. ♦He was born in the spring of 1944. – Ол 1944 жылдың көктемінде туды (дүниеге келді). ♦Spring came early that year. – Сол жылы көктем ерте келді. 2.бастау, бұлақ, көз, қайнар ♦a mountain spring – тау бастауы/ бұлағы ♦mineral/thermal springs – минерал/ ыстық қайнарлар/ бұлақтар ♦deliciously cool spring water – сап-салқын бұлақ суы 3.пружина, серіппе ♦bed springs – төсек пружиналары/ серіппелері ♦The springs in the sofa have gone. – Диванның пружинасы/ серіппесі тозған. ♦She's full of energy, like a coiled spring. – Ол бұратылған серіппедей шып-ширақ. 4.серіппелік (пружинаның) ♦The mattress has lost its spring. – Матрас (өз) серіппелігін жоғалтқан. 5.ойнақылық, жайдарылық ♦She walked along with a spring in her step. – Ол ойнақы адымдады. 6.ыршу, ытқу, қарғу ♦With a spring, the cat leapt on to the table. – Мысық бір ыршып стол үстіне шықты. 7. (idm) *full of the joys of spring өте ойнақы/ жайдары B.v (pt sprang [spræŋ], NAmE also sprung [sprʌŋ], pp sprung [sprʌŋ]) 1. ыршу, ытқу, қарғу (syn: leap) ♦The cat crouched ready to spring. – Мысық ыршымақ болып жиырылды. ♦He turned off the alarm and sprang out of bed. – Ол сағат қоңырауын өшіріп, төсектен атып тұрды. ♦She sprang back in alarm. – Ол қорқа кейін ыршыды. ♦Everyone sprang to their feet when the principal walked in. – Сынып жетекшісі кіргенде бәрі де атып тұрды. ♦(figurative) to spring to somebody's defence/assistance – жалма-жан біреуді қорғай кету/ біреуге көмектесе кету ♦(ауысп мағ) Tears sprang to her eyes. – Көзінен жас ыршыды. ♦(ауысп мағ) He tried to bite back the words that sprang to his lips. – Тіліне үйірілген сөзді ол тоқтатуға тырысты. 2.серп(іл)у ♦The branch sprang back and hit him in the face. – Бұтақ серпіліп келіп оның бетіне тиді. ♦She turned the key and the lid sprang open. – Ол кілтті бұрағанда қақпақ серпіле ашылды. 3.таңғалдыру, састыру, абыржыту ♦∼ smth She sprang a surprise by winning the tournament. – Ол турнирді ұтып жұртты таңғалдырды. ♦∼ smth on smb I'm sorry to spring it on you, but I've been offered another job. – Сені таңырқатпай-ақ қояйын, маған басқа жұмыс ұсынды. 4. ∼ smb (informal) тұтқындарды құтқару/ біреуден азат ету ♦Plans to spring the hostages have failed. – Тұтқындарды құтқару жоспары сәтсіз болды. 5. (idm) *come/spring to mind [қ-з: mind (А6)] *hope springs eternal [қ-з: hope (В2)] *spring into action | spring into/to life (кісі, машина ж) (кенет) істеп кету/ істей бастау, оталу ♦‘Let's go!’ he said, springing into action. – «Кеттік!» деп ол қимылдай бастады. ♦The town springs to life during the carnival. – Карнавал кезінде қала азан-қазан (болады). *spring a leak (қайық, ыдыс ж) тесілу, тесіліп су кіре бастау/ аға бастау *spring a trap a) қақпан сарт ету; сарт ете тұзаққа түсу b) біреуді тұзаққа түсіру, біреуді сүріндіру 6. (phr v) *spring for smth (NAmE, informal) біреу үшін төлеу ♦I'll spring for the drinks tonight. – Ішімдіктер үшін бүгін мен төлеймін. *spring from smth (formal) туындау, пайда болу, өрбу ♦The idea for the novel sprang from a trip to India. – Романды жазу туралы ой Индияға сапардан туындады/ өрбіді. *spring from… (informal) пайда бола кету ♦Where on earth did you spring from? – Қайдан шыға келдің? *spring up пайда бола кету, кенет өрби бастау ♦Opposition groups are springing up like mushrooms. – Оппозициялық топтар саңырауқұлақ сияқты қаптауда.