sprout [spraʊt] A.v 1. (өсімдік не дән ж) көктеу, жапырақ пайда болу, бүршіктеу, бүршік ату/ жару; өну ♦new leaves sprouting from the trees – ағаштарда бүршіктеп жатқан жас жапырақтар ♦The seeds will sprout in a few days. – Дәндер бірнеше күнде өнеді. 2. қаптай/ қаулай пайда болу/ шығу ♦Hundreds of mushrooms had sprouted up overnight. – Бір түнде жүздеген саңырауқұлақ қаулай шықты. ♦∼ smth The town has sprouted shopping malls, discos and nightclubs in recent years. – Кейінгі жылдары қалада сауда орталықтары, дискотекалар және түнгі клубтар көптеп пайда болды. 3.өс(ір)у, өс(ір)е бастау ♦∼ smth Tim has sprouted a beard since we last saw him. – Тим соңғы көргелі бері сақал өсіріпті. ♦I wished I could just sprout wings and fly away. – Қанат өсіп, ұшып кетсем ғой деп тіледім. ♦∼ from smth Hair sprouted from his chest. – Кеудесіне шаш өсіпті. B.n 1. (also Brussels ∼, Brussel ∼) кішкентай капуста 2. (өсімдіктегі) жаңа өскін, жаңа сабақ