spur [spɜː(r)] A.n 1.өкшелік, тепкі, шпора (аяқ киім өкшесіндегі атты тебінетін өкше темір) ♦He dug his spurs into the horse’s sides. – Ол аттың екі бүйіріне өкшелігімен тебінді. 2.түрткі, себеп, «қамшы» (syn: motivation) ♦∼ (to smth) His speech was a powerful spur to action. – Оның сөзі іс-әрекетке қуатты түрткі болды. ♦∼ for smth The research provided a spur for reform. – Зерттеу (нәтижелері) реформаға себеп/ түрткі болды. 3.шоқы, ұш, шошақ 4.тарам, тармақ (үлкен жолдан тараған шағын жол) 5. (idm) *on the spur of the momentкенет, аяқ астынан ♦I phoned him up on the spur of the moment. – Оған аяқ астынан телефон шалдым. ♦a spur-of-the-moment decision – аяқ астынан жасаған шешім *win/earn your spurs (formal) әйгілі/ табысты болу B.v 1. (біреуге) дем беру, құлшындыру, жігерлендіру, шабыттандыру ♦∼ smb/smth (on) to smth/to do smth Her difficult childhood spurred her on to succeed. – Өзінің қиын балалық шағы табысқа ұмтылысына түрткі болды. ♦My trainer spurred me to keep up a pace of four miles an hour. – Бапкерім сағатына төрт миль жүріп отыруға кеңес берді. ♦∼ smb/smth into smth I was spurred into action by the letter. – Хатты алып, әрекет ете бастадым. 2. ∼ smth тездету, себепкер/ түрткі болу ♦The agreement is essential to spurring economic growth around the world. – Дүние жүзіндегі экономика өсімін арттыру үшін келісім - аса маңызды. ♦An increase in the country's arsenal could spur an arms race in the region. – Елдің қару-жарақ арсеналының өсуі аймақта жанталаса қарулануға себеп болуы мүмкін. 3. ∼ smth аттың бүйірін тебіну (сөйтіп тез жүргізу) ♦As he shouted his order he spurred the horse forward suddenly. – Ол бұйрық беріп, атының бүйірін тебіне алға қозғалды.