squeeze [skwiːz] A.v 1. ∼ (smth) сығу, қысу ♦to squeeze a tube of toothpaste – тіс пастасының құтысын сығу ♦to squeeze the trigger of a gun – мылтық шүріппесін басу/ тарту ♦He squeezed her hand and smiled at her. – Ол оның қолын қысып, оған жымиды. ♦He took off his wet clothes and squeezed the water out. – Ол су киімдерін шешіп, сықты. ♦to squeeze the juice from a lemon – лимонды сығып сөлін шығару 2.нығыздап/ сығылыстырып кіргізу/ сыйғызу/ өткізу, қысылу, қысылып өту, тб ♦We managed to squeeze six people into the car. – Машинаға алты адам сыйғыздық. ♦It's a pretty town, squeezed between the mountains and the ocean. – Бұл тау мен мұхиттың арасына қысылған тартымды қала. ♦His legs were squeezed together. – Аяқтарын бір-біріне қысып тастапты. ♦to squeeze into a tight dress – тар көйлекті әрең кию ♦They were able to squeeze through a gap in the fence. – Олар шарбақтағы ойықтан қысылып өте алды. ♦If you move forward a little, I can squeeze past. – Сәл алға жылжысаң өте аламын. 3. ∼ smb (for smth) (informal) қысым жасап біреуден бірдеңе алу ♦He's squeezing me for £500. – Ол маған £500 бер деп қысым жасауда. 4. ∼ smb/smth (ақшаны, тб) шектеу, шектеу қою ♦High interest rates have squeezed the industry hard. – Жоғары проценттік ставкалар индустрияны қысуда. 5. (idm) *squeeze smb dry «біреуді сығып алу», біреуден барынша ақша, дерек, тб алу 6. (phr v) *squeeze smth out of/from smb қысым жасап біреуден бірдеңе алу/ біреуге бірдеңе істету ♦to squeeze a confession from a suspect – күдіктіге қысым жасап мойындату *squeeze smb/smth in қиын болса да істеу, «арасына қыстыру» ♦If you come this afternoon the doctor will try to squeeze you in. – Бүгін түстен кейін келсең, дәрігер уақыт тауып қабылдайды. *squeeze smb/smth out (of smth) ығыстыру, итеріп шығару ♦Supermarkets are squeezing out small shops. – Супермаркеттер шағын дүкендерді ығыстыруда. *squeeze up (against smb/smth) | squeeze smb up (against smb/smth) қысылысу, сығылысу ♦There'll be enough room if we all squeeze up a little. – Сәл қысылыссақ, бәрімізге орын жетеді. ♦I sat squeezed up against the wall. – Қабырғаға қысыла отырдым. B.n 1.сығу, қысу ♦He gave my hand a little squeeze. – Ол аздап қолымды қысты. ♦Give the tube another squeeze. – Құтыны тағы (да) сық. 2.сығынды, жемісті сыққанда шыққан сөл ♦a squeeze of lemon juice – лимон сығындысы 3.сығылысу, қысылысу, нығыздалу ♦Seven people in the car was a bit of a squeeze. – Машинаға жеті адам біраз қысыла отырды. ♦We can get six in the car at a squeeze. –Машинаға қысылыса алты адам отырса болады. 4. (ақшасы) азаю, (жұмысынан айырылып) қиналу ♦We're really feeling the squeeze since I lost my job. – Жұмысымнан айырылғалы бері кәдімгідей қиналудамыз. ♦a squeeze on profits – табыстың азаюы 5. (especially NAmE, informal) ғашық жігіт не қыз ♦Who's his main squeeze? – Оның негізгі жүріп жүрген қызы кім? 6. (idm) *put the squeeze on smb (to do smth) (informal) қысым жасау ♦The government is trying to put the squeeze on high earners. – Үкімет көп табыс табушыларға (көп салық төлету үшін) қысым жасауда.