stab [stæb] A.v 1. ∼ smb пышақтау, пышақтап өлтіру не жаралау ♦He was stabbed to death in a racist attack. – Нәсілшілдердің шабуылында оны пышақтап өлтірді. ♦She stabbed him in the arm with a screwdriver. – Ол оның қолына отвертка сұғып алған. 2.нұқу, шұқу, шаншу, түйреу, сұғу, қадау (syn: jab, prod) ♦He stabbed his finger angrily at my chest. – Ол саусағымен ашулана кеудемді нұқыды. ♦She stabbed her cigarette into the ashtray. – Ол темекісін күлсалғышқа мыжды. ♦I stabbed at my meat with my fork. – Шанышқыммен жеген етімді шаншыдым. ♦She stabbed the air with her fork. – Ол шанышқысын әуеге сермеп қалды. ♦(figurative) The pain stabbed at his chest. – Шаншу кеудесіне қадалды. 3. (idm) *stab smb in the back «ту сыртынан пышақ сұғу», сатқындық/ опасыздық жасау (syn: betray) B.n 1. пышақтау, пышақтап өлтіру не жаралау ♦He received several stabs in the chest. – Оның кеудесіне бірнеше рет пышақ сұққан. ♦She died of a single stab wound to the heart. – Оның жүрегіне пышақ салып өлді. 2.шаншып ауру, шаншу; жайсыз сезім ♦She felt a sudden stab of pain in the chest. – Оның кеудесі кенет түйнеп кетті. ♦a stab of guilt/fear/pity/jealousy – (адамды) түйреген кінә сезімі/ үрей/ аяушылық сезімі/ қызғаныш ♦He felt a sharp stab of disappointment. – Кеудесін реніш қарып өтті. 3. (informal) талпыныс, тырысу, ұмтылыс, қауқар ♦He found the test difficult but nevertheless made a good stab at it. – Сынақ/ Тест оған қиын болса да ол жақсы тырысты. ♦Countless people have had a stab at solving the riddle. – Талай адам бұл жұмбақты шешуге тырысты. 4. (idm) *a shot/stab in the dark [қ-з: dark (В3)] *a stab in the back (informal) «ту сыртынан пышақ сұғу», сатқындық/ опасыздық жасау