stake [steɪk] A.n 1. үлес, пайда, енші, мүдде ♦a 20 per cent stake in the business – бизнесте 20 процент үлесі болу ♦a controlling/majority/minority stake – (бизнесті) бақылайтын/ көпшілік/ аз үлес ♦She has a personal stake in the success of the play. – Ол пьесаның табысқа жетуіне мүдделі/ ынталы. ♦Many young people no longer feel they have a stake in society. – Көптеген жас қоғам өмірінен шеттеліп қалғандай сезінеді. ♦He has a personal stake in the outcome of the war. – Ол соғытың нәтижесінен мүдделі./ Оның соғыстың нәтижесінен күткен бір мақсаты бар. 2.бәс, бәске тіккен ақша ♦How much was the stake? – Бәске қанша ақша тіктің? ♦They were playing cards for high stakes. – Олар көп ақшаға карта ойнап жатты. ♦With only two points separating the top five players, the stakes are high as they enter the final round. – Алдағы бес ойыншының арасында небәрі екі-ақ ұпай айырма болғандықтан, ақтық кезеңде сайыс қыза түсуде. 3.қазық ♦Tall plants can be secured by tying them to stakes. – Биік өсімдіктерді қазыққа байлап орнықты етуге болады. 4. the ∼ діңгек, баған, қазық ♦Joan of Arc was burnt at the stake. – Жанна Д’Аркті діңгекке байлап жағып өлтірген. 5. ∼s (ат жарысы жеңіпмазына беретін) сыйақы 6. ∼s (кейбір ат жарысы атауларында қолд) 7. (idm) *at stake бәске тігілген, ұтуы не ұтылуы екіталай ♦We cannot afford to take risks when people's lives are at stake. – Адамдардың өмірі бәске тігілгенде/ өміріне қауіп төніп тұрғанда тәуекелге бара алмаймыз. ♦The prize at stake is a place in the final. – Жүлде – финалдағы орын. *go to the stake over/for smth өз пікірін не сенімін қорғау үшін ешнәрседен тайынбау/ бәріне баруға дайын болу ♦He would have gone to the stake for his belief in his daughter’s innocence. – Ол қызының кінәсіз екенін дәлелдеу үшін ешнәрседен тайынбас еді. *in the… stakes шамасы/ қабілеті/ қасиеті болу ♦She was determined to win in the fashion stakes. – Ол сән/ мода саласында жеңіске жетуге бел буған еді. *pull up stakes (NAmE) (BrE up sticks) [қ-з: pull (А16)] B.v 1. ∼ smth (on smth) бәс(ке ақша) тігу, тәуекелге бару (syn: bet) ♦He staked £25 on the favourite. – Ол ұтады дегенге £25 тікті. ♦(ауысп мағ) She staked her political career on tax reform, and lost. – Ол салық реформасын жасау үшін саяси карьерасын бәске тігіп, ұтылды. ♦(ауысп мағ) That's him over there - I'd stake my life on it. – Андағы соның дәл өзі – айтқаным айтқан. 2. ∼ smth (up) бірн-ні қазықпен тіреу ♦to stake newly planted trees – жаңа отырғызған ағаштарды қазыққа байлау ♦The young trees should be staked after planting. – Отырғызғаннан соң жас ағаштарды қазыққа байлау керек. 3. (idm) *stake (out) a/your claim (to/for/on smth) емеурін жасау, ниетін білдіру ♦Adams staked his claim for a place in the Olympic team with his easy win yesterday. – Кеше оңай жеңіп, Адамс өзінің олимпиялық командадан орын алуға ниетті екенін білдірді. 4. (phr v) *stake smth out a) бірн-ң өзінікі екенін не содан дәмелі екенін анық білдіру b) пікірін білдіру ♦The president staked out his position on the issue. – Президент осы мәселеде өз пікірін білдірді. c) аңду, торуылдау ♦Detectives had been staking out the house for several weeks. – Детективтер/ Із кесушілер үйді бірнеше апта аңдыды.