stamp [stæmp] A.n 1. (also formal postage ∼) почта маркасы ♦a 67p stamp – 67 пенстік марка ♦Could I have three first-class stamps, please? – Үш бірінші класты марка алсам бола ма? ♦He has been collecting stamps since he was eight. – Ол сегіз жасынан марка жиып жүр. ♦a stamp album – марка альбомы ♦The Post Office has issued a commemorative stamp to mark the event. – Елдің почта қызметі оқиғаны еске алу маркасын шығарды. 2.мөр (печать); рұхсат қағаз ♦a date stamp – ай-күн мөрі (печать с датой) ♦The passports, with the visa stamps, were waiting at the embassy. – Визалар басылған паспорттар елшілікте жатты. ♦a TV licence stamp – телеарналар көруге рұхсат (қағаз) 3. ∼ (of smth) (formal) қасиет, белгі, тап ♦All his work bears the stamp of authority. – Оның жұмысының бәрінде билік табы бар. 4. (formal) түр, санат, табиғат, болмыс, жаратылыс (адамдардың) ♦men of a different stamp – жаратылысы бөлек адамдар 5.аяқпен басу; (басқан) аяқ тысыры ♦The stamp of hoofs alerted Isabel. – Аяқ тысыры Изабелді елең еткізді. B.v 1. ∼ (smth) аяғымен жерді тарс еткізу, тебу ♦I tried stamping my feet to keep warm. – Жылу үшін аяқтарымды тыпырлаттым. ♦Sam stamped his foot in anger. – Сәм ашуланып, аяғымен жерді бір түйді. ♦He stamped the snow off his boots. – Ол аяғымен жер тепкілеп аяқ киімінің қарын түсірді. ♦The audience were stamping and cheering. – Көрермендер жер тепкілеп, мәре-сәре болып жатты. 2.тарсылдатып шығып кету/ кетіп қалу (syn: stomp) ♦She turned and stamped out of the room. – Ол бұрылды да бөлмеден тарсылдатып шығып кетті. ♦The children came stamping down the stairs. – Балалар басқышпен тарсылдатып жүгіріп түсті. 3.мөр қою/ ұру; арнайы қалыппен/ құралмен жазу/ басу ♦The box was stamped with the maker's name. – Өнім өндірушінің аты-жөні жәшікке басылған. ♦Wait here to have your passport stamped. – Паспортыңызға мөр басқанша осында күте тұрыңыз. 4.тап, белгі (көңіл-күйдің, сезімнің) ♦Their faces were stamped with hostility. – Олардың жүзінде дұшпандық табы болды. ♦Terror was stamped across her face. – Жүзінде шошыған тап болды./ Жүзінен шошығаны көрініп тұрды. 5. ∼ smb as smth біреуді пәлендей етіп көрсету ♦Her success has stamped her as one of the country's top riders. – Табысы өзін елдің ең үздік шабарманы етіп паш етті. 6. ∼ smth хатқа, тб марка жапсыру 7. ∼ smth (out) (of/from smth) арнайы қалыппен/ жабдықпен жасау ♦The hinges are stamped out of sheets of metal. – Топсаларды жайпақ металдан жасайды. 8. (phr v) *stamp on smth a) аяғымен жер түю/ басу/ тебу ♦The child stamped on the spider. – Бала өрмекшіні аяғымен басып қалды. ♦She stamped on my toe! – Ол башпайымды басып кетті! b) болғызбау, тоқтату, жолын кесу ♦All attempts at modernization were stamped on by senior officials. – Жаңарту талпыныстарының бәрін жоғарыда бастықтар тоқтатты. *stamp smth on smth ықпал/ әсер ету, өз ықпалын таңу *stamp smth out a) жою, құтылу (syn: eliminate) ♦to stamp out racism – расизмді/ нәсілшілдікті жою b) аяғымен отты басып/ таптап өшіру ♦He stamped out the flames before they spread any further. – От тарамай тұрғанда ол аяғымен басқылап өшірді.