stand [stænd] A.v (pt, pp stood [stʊd]) 1. (бір орында) тұру, тік қалпында болу/ қалу ♦She was too weak to stand. – Ол тым әлсіз еді, тұра алмайтын. ♦a bird standing on one leg – бір аяғымен тұрған құс ♦Don't just stand there - do something! – Состиып тұрмай, бірдеңе істесеңші! ♦I was standing only a few feet away. – Бірнеше қадам жерде ғана тұрға(н)мын. ♦to stand on your head/hands – басымен жер тіреп тұру ♦Stand still while I take your photo. – Сені суретке түсіргенше, қозғалмай тұр. ♦People stood waiting for a bus in the rain. – Жауында автобус күтіп тұрған жұрт. ♦After the earthquake, only a few houses were left standing. – Жер сілкінісінен кейін бірнеше үй ғана аман қалды. 2.түрегелу, (орнынан) тұру ♦Everyone stood when the president came in. – Президент кіргенде бәрі тұрды/ түрегелді. ♦∼ up We stood up in order to get a better view. – Жақсылап көру үшін түрегелдік/ тұрдық. ♦I tried to stand up and found myself in agony. – Түрегелейін дегенімде қиналып кеттім. 3. ∼ smth/smb тік/ тігінен қою, тұрғызып/ түрегелтіп қою ♦Stand the ladder up against the wall. – Сатыны қабырғаға тірей қой. ♦I stood the little girl on a chair so that she could see. – Дұрыстап көрсін деп кішкентай қызды креслоға/ орындыққа (түрегелте) қойдым. 4.жақтыру, шыдау, төзу (syn: bear) ♦∼ smb/smth I can't stand his brother. – Бауырын жақтырмаймын. ♦I can't stand the sight of blood. – Қан көрсем түршігемін. ♦I can't stand it when you do that. – Сөйткеніңді жақтырмаймын. ♦She couldn't stand being kept waiting. – Күткенді ол жақтырмады. ♦How do you stand him being here all the time? – Оның ылғи осында болғанына қалай шыдайсың? 5. шыдау, төзу ♦∼ smth His heart won't stand the strain much longer. – Жүрегі бұрынғыдай қиындыққа шыдай бермейді. ♦Modern plastics can stand very high and very low temperatures. – Қазіргі пластиктер өте жоғары не төмен температураларға төзімді. ♦∼ doing smth It can stand being dropped from a great height without breaking. – Бұл соншама биіктіктен құлғанада шыдап сынбайды. ♦∼ to do smth I can't stand to see him suffer any more. – Оның қиналғанына енді шыдай алмаймын. 6.тұру, орналасу ♦The castle stands on the site of an ancient battlefield. – Қамал ежелгі шайқас болған жерде тұр. ♦An old oak tree once stood here. – Бір кездері осында бір кәрі емен ағашы болған. ♦Books stood in piles in the corner. – Кітаптар бұрышта үйіліп тұрды. 7.белгілі бір халде/ күйде/ жағдайда болу ♦The house stood empty for a long time. – Үй ұзақ уақыт бос/ қаңырап тұрды. ♦'You're wrong about the date - it was 2008.’ ‘I stand corrected.' – «Күнінен жаңылып тұрсың – 2008 жыл еді». «Дұрыс, қателескен екенмін». ♦You stand accused of a terrible crime. – Сізге сұмдық қылмыс жасады деген айып тағылған. ♦You never know where you stand with her - one minute she's friendly, the next she'll hardly speak to you. – Ол құбылады да тұрады, бір сәтте – бауырмал, екінші бір сәтте – ләм демейді. ♦As things stand, there is little chance of a quick settlement of the dispute. – Қазіргі жағдайда даудың тез реттелуі неғайбыл. 8. (especially BrE) (NAmE usually run) сайлауға түсу, сайлауға кандидат ретінде қатысу ♦∼ for smth He stood for election in Colchester. – Ол Колчестерден сайлауға түсті. ♦He stood for parliament. – Ол парламентке сайлауға түсті. ♦Her friends persuaded her to stand. – Достары оны сайлауға түсуге көндірді. 9.пәлендей биік болу ♦The tower stands 30 metres high. – Мұнара 30 метр биік. 10. ∼ at smth пәлен деңгейде/ мөлшерде/ биіктікте болу ♦Interest rates stand at 3 per cent. – Проценттік ставка - 3 процент. ♦The world record then stood at 6.59 metres. – Әлем рекорды о кезде 6.59 метр еді. 11. (күтіп) тұру ♦The train standing at platform 3 is for London, Victoria. – 3-платформада тұрған поезд Лондонның Виктория станциясына барады. 12. (қозғалмай) тұр(ғыз)у, қозғалмау, қою, қалу ♦Mix the batter and let it stand for twenty minutes. – Ұн, жұмыртқа және сүтті (араластырып) шылап, жиырма минут қой. ♦standing pools of rainwater – жауыннан қалған шалшықтар 13. (ұсыныс, шешім, тб ж) күшінде болу, жарамды болу, жарау, өзгермеу ♦My offer still stands. – Ұсынысым сол қалпы(нда). ♦The world record stood for 20 years. – Әлем рекорды жиырма жыл өзгермеді.14. ∼ to do smth белгілі бір халде/ күйде/ жағдайда болу ♦You stand to make a lot from this deal. – Бұл контарктіден көп ұта аласың. ♦Who stands to benefit the most? – Бұдан кім көп пайда таппақ? ♦to stand to gain/lose something – ұтатын/ ұтылатын халде болу 15. ∼ (on smth) пікірі/ көзқарасы/ ойы болу ♦Where do you stand on private education? – Жеке(меншік) оқу жөнінде ойың(ыз) қандай? 16.біреуге сусын не тамақ сатып әперу ♦∼ smth He stood drinks all round. – Ол бәріне сусын (сатып) әперді. ♦∼ smb smth She was kind enough to stand us a meal. – Ол бүйрегі бұрып, бәрімізге тамақ сатып әперді. 17. (phr v) *stand apart from smb/smth өзгеше/ бөлекше/ ерекше болу ♦The brand’s originality makes it stand apart from other brands. – Бұл заттың ерекшелігі оны басқаларынан бөлектейді. *stand aside a) (бір шетке) ығысу, ойысу, жылжу ♦She stood aside to let us pass. – Біз өтіп кетсін деп ол бір шетке ығысты. b) араласпау, кіріспеу ♦Don't stand aside and let others do all the work. – Бәріне жұмыс істетіп қойып, өзің тұрма./ Қарап тұрмай, ел қатарлы істесеңші. *stand back (from smth) a) шегіну, әрі тұру ♦The police ordered the crowd to stand back. – Полиция жұртқа шегін(іңдер) деді. ♦(ауысп мағ) It's time to stand back and look at your career so far. – Сәл шегініп/ кідіріп, карьераңа көз жүгіртетін уақыт болды. b) әрі/ алыс тұру/ орналасу ♦The house stands back from the road. – Үй жолдан әрі тұр. *stand between smb/smth and smth біреуді/ бірн-ні бірнәрседен бөліп тұру, арасында тұру ♦Only one game stood between him and victory. – Оны мен жеңістің арасында бір ғана ойын тұрды./ Жеңіске жету үшін енді бір ойынды ұтуы керек еді. *stand by a) қарап тұру, араласпау, кіріспеу ♦How can you stand by and see him accused of something he didn't do? – Оған жала жауып жатқанда қалай ғана қарап тұрасың? ♦Surely the world cannot stand idly by and let this country go through the agony of war yet again? – Әрине, әлем бұл елдің тағы да соғыс азабына батуына жол беріп қарап тұра алмайды. b) әзір/ дайын тұру ♦The troops are standing by. – Әскер - әзір (тұр). *stand by smb қиын жағдайда да досын/ біреуді қолдау *stand by smth ойынан/ пікірінен айнымау/ -ін өзгертпеу ♦She still stands by every word she said. – Ол әлі де айтқанынан айныған/ танған жоқ. *stand down a) stand down (as smth) отставкаға кету, қызметінен кету ♦He stood down to make way for someone younger. – Ол жасырақ біреуге орын беру үшін орнынан түсті. b) (куә ж) сотқа баяндағаннан соң куә мінберінен кету *stand for smth a) аббревиация/ белгісі болу ♦‘The book's by T.C. Smith.’ ‘What does the ‘T.C.’ stand for?’ – «T.C. Smith-тің кітабы». «‘T.C.’ нені білдіреді?» b) қолдау, жақтау ♦I hated the organization and all it stood for. – Ұйым мен оның мақсат-мүдделерін жақтырмадым. c) not stand for smth қолдамау, жақтамау, жақтырмау ♦I'm not standing for it any longer. – Бұны енді жақтамаймын. *stand in (for smb) біреудің орнында қалу/ болу (syn: deputize) ♦My assistant will stand in for me while I'm away. – Мен жоқ кезде көмекшім орнымда болады. *stand out (as smth) басқаларынан маңызды болу/ ерекшелену ♦Four points stand out as being more important than the rest. – Төрт бап/ мәселе/ пункт басқаларынан ерекше тұр. *stand out (from/against smth) ерекше көзге түсу ♦The lettering stood out well against the dark background. – Жазу қараңғыда көзге бірден түсті. ♦She's the sort of person who stands out in a crowd. – Ол қашан да жұрттан ерек көзге түседі. *stand over smb жанында қарап тұру, желкесінде қарап тұру ♦I don't like you standing over me while I'm cooking. – Ас пісіріп жатқанымда желкемде қарап тұрғаныңды жақтырмаймын. *stand up a) (орнынан) тұру, түрегелу ♦The children stood up when the teacher walked into the room. – Мұғалім бөлмеге енгенде балалар (орындарынан) тұрды. b) (түрегеліп) тұру, (тік) тұру ♦There were no seats left so I had to stand up. – Орын қалмағандықтан, түрегеліп тұрдым. ♦You'll look taller if you stand up straight. – Тік тұрсаң биігірек көрінесің. *stand smb up (informal) (ғашықтар ж) кездеспей қою, жалтару ♦I've been stood up! – Менімен кездеспей қойды! *stand up (to smth) (тексергенде) шын/ рас болу ♦His argument simply doesn't stand up to close scrutiny. – Анықтап қарағанда оның дәлелі әншейін жалған болып шығады. ♦I'm afraid this document will never stand up in a court of law. – Бұл документ сотта қай уақытта да өтірік болып шыға ма деп қорқамын. *stand up for smb/smth қолдау; қорғау ♦Always stand up for your friends. – Достарыңды әрқашан қолда. ♦You must stand up for your rights. – Өз хақтарыңды/ праволарыңды қорғауың керек. ♦She had learnt to stand up for herself. – Ол өзін қорғап үйренді. *stand up to smb қарсы шығу, наразы екенін айту ♦It was brave of her to stand up to those bullies. – Қорқытып-үркіткендерге қарсы шығып, ол батылдық танытты. *stand up to smth (материал, зат ж) шыдау, төзу (syn: withstand) ♦The carpet is designed to stand up to a lot of wear and tear. – Бұл кілемді барынша қолданатындай етіп жасаған. B.n 1.көзқарас, пікір, позиция, ұстаным ♦He has avoided taking a firm stand. – Ол нық бір пікір білдірмеді. ♦∼ on smth The judge takes a tough stand on corruption. – Судья коррупцияға өте қатал қарайды. ♦∼ against smth I admire their principled stand against the war. – Олардың соғысқа саналы түрде қарсылығына ризамын. 2.талпыныс, әрекет, қауқар, қайрат ♦They are willing to take a stand and defend what they believe in. – Олар қайрат көрсетіп, өз сенімдерін қорғамақшы. ♦∼ against smth We must make a stand against job losses. – Жұмыс орындарының жабылуына қарсы шығуға тиіспіз. ♦the rebels’ desperate last stand – көтерілісшілердің жан ұшыра ақтық жанталасы 3.шағын сауда орны, (сауда жасау үшін қойған) стол, лавка (syn: stall) ♦a lemonade/hot dog/newspaper stand – лимонад/ сосиска/ газет сататын орын/ лавка ♦She sells fruit from a roadside stand. – Ол жол шетіндегі орында жеміс сатады. ♦The magazine sold out as soon as it hit the stands. – Журнал саудаға түскен бойда сатылып кетті. 4. (especially BrE) стенд, (заттарды көрмеде қоятын, тб) сөре ♦a display/an exhibition stand – қоятын стенд/ көрме стенді/ сөресі ♦Oxford University Press’s stand at the book fair – кітап жәрмеңкесіндегі Оксфорд юниверсити пресс стенді 5.орын, тұғыр ♦a bicycle/microphone/cake stand – велосипед қоятын орын/ микрофон тұғыры/ торт қойғыш 6. (стадиондағы) трибуна, жақ, тұс ♦We had seats in the east stand. – Шығыс трибунада орнымыз болды. 7. (BrE also witness box, (NAmE also witness ∼) сотта куәлер сөйлейтін орын ♦He took the stand as the first witness. – Ол бірінші куә ретінде сөйледі. 8. (таксилер, автобустар тұратын) тұрақ (стоянка) 9. ∼ (of smth) (specialist) шоғыр (өсімдіктердің, ағаштардың) ♦a stand of pines – (өскен) қарағай(лар) шоғыры