staple [ˈsteɪpl] A.adj негізгі, бастапқы, өзекті, маңызды ♦The staple crop is rice. – Негізгі астық – күріш. ♦Jeans are a staple part of everyone's wardrobe. – Джинсы – әркімнің киім-кешегінің негізгі бөлігі. B.n 1. (U пішінді) қапсырма сына, жақша сына, имек сына (скоба) 2. (степлерге салып, қағазды қапсыра түйреуге арналған) қапсырма (сына) 3.негізгі/ бастапқы ас/ тамақ/ қорек, негізгі азық-түлік ♦Aid workers helped distribute corn, milk and other staples. – Жәрдем жұмыскерлері жүгері, сүт және басқа да негізгі азық-түлікті таратуға жәрдемдесті. 4.негізгі өнім/ товар, тсс ♦Rubber became the staple of the Malayan economy. – Каучук Малайзия экономикасының негізгі өніміне айналды. ♦(ауысп мағ) Royal gossip is a staple of the tabloid press. – Корольдің үй-іші жайлы өсек-аяң - таблоид прессаның негізгі қорегі. C.v ∼ smth қапсырма сынамен қапсыру, степлермен қапсыру/ қадау (степлевать) ♦Staple the invoice to the receipt. – Инвойсті квитанцияға қада.