stark [stɑːk] A.adj (starker, starkest) 1.жайсыз, сүреңсіз, ащы, кермек, ауыр (syn: bleak) ♦The author paints a stark picture of life in a prison camp. – Автор түрме лагеріндегі өмірдің ауыр көрінісін жазған. ♦The government faced a stark choice between civil war and martial law. – Үкімет азамат соғысы не әскери жағдайдың біреуін ауыр да болса таңдауы тиіс болды. ♦The remains of the building stand as a stark reminder of the fire. – Үй-жайдың тамтығы/ қирандысы өртті еріксіз еске салады. ♦He now faces the stark reality of life in prison. – Ол енді түрмедегі ауыр өмірге көндігуі керек. ♦The stark truth is that there is not enough money left. – Жайсыз шындық сол – жетерлік ақша қалмады. 2.бірден көзге түсетін, өзгеше, ерекше (syn: clear) ♦stark differences – көзге қатты басылатын айырмашылықтар ♦Social divisions in the city are stark. – Қаладағы әлеуметтік жік бірден көзге түседі. ♦The good weather was in stark contrast to the storms of previous weeks. – Жақсы ауа-райы өткен аптадағы дауылдарға мүлде кереғар еді. 3.жалаң, жайдақ ♦I think white would be too stark for the bedroom. – Ұйқы бөлмесі үшін ақ (рең) тым жалаң болатын сияқты. ♦The hills stood stark against the winter sky. – Қысқы аспан астында жоталар жалаң көрінді. 4.мүлде, тіпті (syn: utter) ♦The children watched in stark terror. – Балалар зәресі ұша қарады. B.adv 1. ∼ naked мүлде жалаңаш, үстінде лыпа жоқ 2. (idm) *(stark) raving mad/bonkers [қ-з: mad (6)]