start [stɑːt] A.v 1.баста(л)у, кірісу ♦∼ (smth) I start work at nine. – Жұмысымды сағат тоғызда бастаймын. ¨He's just started a new job. – Ол енді ғана жаңа жұмысқа кірді. ♦∼ to do smth It started to rain. – Жауын жауа бастады. ♦I was starting to feel tired. – Шаршаңқырай бастағанмын. ♦∼ doing smth She started laughing. – Ол күле бастады. ♦Work is due to start this weekend. – Жұмыс келесі аптаның соңында басталмақ. ♦What time does the show start? – Думан қашан басталады? ♦∼ smb/smth doing smth The news started me thinking. – Хабар мені ойландыра бастады. ♦Hotel prices start at €80 for a double room. – Қонақ үй бағасы екі кісілік бөлме үшін €80-дан басталады. ♦A sentence always starts with a capital letter. – Сөйлем қашан да бас әріптен/ әріппен басталады. ♦The best professional musicians start young. – Үздік кәсіби музыканттар жастайынан бастайды. 2. ∼ (smth) машинаны оталдыру, жабдықты істете бастау ♦Start the engines! – Моторды оталдыр! ♦He started the recording. – Ол таспаға жаза бастады. ¨The car won't start. – Машина оталмай жатыр. 3. (іс, тб) бастау ♦The company started in 1894 in Pennsylvania. – Компания 1984 жылы Пенсильванияда ашылған. ♦∼ smth She started a business while she was still at school. – Ол бизнесті мектепте жүрген кезінде бастаған. ♦I decided to start a fashion blog. – Сән блогын бастауды ұйғардым. ♦They want to start a family. – Олар(дың) балалы болғысы келеді. ♦∼ as smth She started as a secretary but ended up running the department. – Ол хатшы/ секретарь ретінде бастап, департамент басшысы деңгейіне көтерілді. ♦∼ out/off The company started out with 30 employees. – Компания 30 қызметкермен (ісін) бастаған. ♦∼ out/off as smth I started off as a dishwasher making 25 cents an hour. – Ыдыс жуғыш ретінде бастап, сағатына 25 цент табатынмын. ♦She started her career working for the BBC. – Ол карьерасын/ кәсібін BBC-де бастаған. 4. ∼ (out) сапарды бастау, кету (syn: set off, set out) ♦What time are we starting tomorrow? – Ертең қаншада шығамыз? 5. (жүре, қозғала) бастау ♦I started after her to tell her the news. – Хабарды айту үшін оның артынан ердім. ♦He started for the door, but I blocked his way. – Ол есікке жүре бастаған, бірақ жолын бөгедім. 6.селк ету (syn: jump) ♦The sudden noise made her start. – Кенет шыққан шудан ол селк етті. 7. (idm) *don’t start | don't you start (informal) шағымды/ қыңқылды бастама ♦Don't start! I told you I'd be late. – Болды енді! Айтып едім ғой кеш келемін деп. ♦Don't you start! It's hard enough managing the kids, without you complaining too. – Болды енді! Балаларды игерудің өзі қиын, енді сен келіп қыңқылдайсың. *get/set/start/keep the ball rolling [қ-з: roll (А16)] *get/start off on the right/wrong foot (with smb) [қ-з: foot (А7)] *get started бірн-е істей бастау, кірісу ♦It's nearly ten o'clock. Let's get started. – Он болып қалды. Кіріселік. ♦It's already late, so I think we should get started. – Кеш болды, бастауымыз керек деп ойлаймын. *start smth (informal) бір пәлені бастау *to start with a) (ең) алдымен, әуелі, біріншіден ♦To start with it’s much too expensive… - Алдымен/ Біріншіден бұл – тіпті қымбат. b) басында, алғашында, әуелі, (ең) алдымен ♦The club had only six members to start with. – Алғашында клубта тек сегіз мүше болды. ♦I'll have melon to start with. – Алдымен қауыннан бастаймын. ♦She wasn't keen on the idea to start with. – Алғашында ол идеяға селқос болды. *you, he, she, etc. started it (informal) сен/ ол (пәлені) бастаған ♦‘Stop fighting, you two!’ ‘He started it!’ – «Әй, екеуің, доғар төбелесті!» «Бастаған - ол!» 8. (phr v) *start back орала/ қайта бастау ♦Isn’t it time we started back? – Қайтатын кезіміз болған шығар? *start off a) жүрісті/ қозғалысты бастау ♦The horse started off at a steady trot. – Ат бірқалыпты желіспен бастады. b) баста(л)у, кірісу ♦The discussion started off mildly enough. – Талқылау біршама жұмсақ басталды. ♦Let's start off with some gentle exercises. – Жеңіл шынығудан бастайық. ♦We started off by introducing ourselves. – Өз(дер)імізді таныстырудан бастадық. ♦The leaves start off green but turn red later. – Жапырақтар алдымен жасыл болып, кейін қызарады. *start smth off бірн-ні істей бастау, кірісу ♦Let's start off the discussion by defining what we mean by ‘software architecture’. – Алдымен «софт архитектурасы» дегенді ұғып алып басталық. ♦How are we going to start everything off? – Бәрін қалай бастамақпыз? *start smb off (on smth) a) біреуге түрткі/ себепкер болу ♦What started her off on that crazy idea? – Бұндай есуас ой оның миына қалай кірген? ♦Don't say anything to her - you'll start her off again. – Оған ләм деме – (десең) ашулана бастайды. ♦Kevin started us all off laughing. – Кевин бәрімізді күлдіріп ала жөнелді. b) бастатқызу, бастауына/ кірісуіне сеп болу ♦My mother started me off on the piano when I was three. – Үш жасымда анам маған пианино ойната бастады. ♦His father started him off farming. – Әкесі оған ауыл шаруашылығын үйрете бастады. *start on smb біреуге тиісу/ шабуылдау; тіл тигізу, сөзбен қағыту *start on at smb (about smth) | start on (at smb) about smth (informal) шағымдана/ қыңқылдай бастау ♦She started on at me again about getting some new clothes. – Ол жаңа киім алуым керек деп маған қыңқылдай бастады. ♦Don't start on about him not having a job. – Оның жұмысы жоқ деген қыңқылды бастамашы. *start out іс, тб бастау ♦to start out in business – бизнес/ кәсіп бастау ♦She started out on her legal career in 2001. – Ол заңгерлік қызметін 2001 жылы бастады. ♦∼ out to do smth I started out to write a short story, but it soon developed into a novel. – Қысқа әңгіме жазып бастағанмын, бірақ ол кейін повестке айналып кетті. *start over (especially NAmE) қайта бастау ♦She wasn't happy with our work and made us start over. – Ол жұмысымызға риза болмай, ісімізді қайта бастатты. *start up | start smth up басталу, бола бастау, (мотор ж) оталу ♦I heard his car start up. – Машинаның оталғанын естідім. ♦Start up the engines! – Моторды оталдыр! B.n 1.басқы/ бастапқы тұсы/ кезі, басы, кіріспесі, басталуы ♦They haven't won since the start of the season. – Маусымның басынан бері/ Маусым басталғалы бері олар жеңбеді. ♦the start of the year – жыл(дың) басы ♦from the ∼ We've had problems right from the start. – Басынан бастап қиналдық. ♦The trip was a disaster from start to finish. – Сапар бастан аяқ/ басынан бастап аяғына дейін сұмдық болды. ♦a perfect start to the day – күннің мінсіз басталуы ¨After a slow start to his career, things improved. – Карьерасы баяу басталғанымен, ісі оңалды. ♦a shaky/rocky start – әрең/ қиын бастау ♦(informal) This could be the start of something big. – Бұл бір ірі бірнәрсенің басы болуы мүмкін. 2.баста(л)у, кірісу, басы ♦We need to get an early start in the morning. – Ертең ертемен/ ертелей кірісуіміз керек. ♦∼ on smth I'll paint the ceiling if you make a start on the walls. – Мен төбені, сен қабырғаны сырлай бастайық. ♦She's moving abroad to make a fresh start. – Ол жаңа өмір бастау үшін шетелге жылжуда. ♦I think it's time we made a start. – Кірісетін уақтымыз болды деп ойлаймын. ♦It's not much, but it's a start. – Бұл көп болмағанымен, басы. 3. (тың) мүмкіндік, басы ♦Many critics got their start writing for this magazine. – Талай сыншы еңбек жолын осы журнал үшін жазудан бастаған. ♦Moving to a different school gave Sally a fresh start. – Басқа мектепке жылжу Сәллиге тың мүмкіндік берді. ♦The job gave him his start in journalism. – Осы жұмыстан оның журналисік еңбек жолы басталды. 4. the ∼ басталатын жер/ тұс, басы, сөре, старт ♦The runners lined up at the start. – Жүгірушілер сөреге/ стартқа жиналды. ♦The runners walked up to the start line. – Жүгірушілер сөре/ старт сызығына келіп тұрды. 5. (біреудегі) уақыт/ қашықтық басымдығы ♦I gave the younger children a start. – Балаларды оздырдым. ♦∼ on smb She went into the second round with a five-minute start on the rest of the cyclists. – Ол екінші айналымды басқа велосипедшілерден бес минут басымдықпен бастады. 6. (sport) сайыс, жарыс ♦She has been beaten only once in six starts. – Ол алты жарыстың біреуінде ғана жеңілді. 7. (таңғала, қорқа, тб) селк ету ♦You gave me quite a start! – Мені селк еткіздің ғой! ♦with a ∼ She woke from the dream with a start. – Түсінен селк етіп оянды. 8. (idm) *by/in fits and starts | in stops and starts [қ-з: fit (С6)] *for a start(informal) біріншіден, алдымен, (ең) әуелі ♦I'm not working there - for a start, it's too far to travel. – Онда істемеймін – біріншіден, тым алыс. *from a standing start басынан бастап, басталғаннан бастап ♦The space project went from a standing start to the moon in ten years. – Ғарыш жобасы басынан бастап он жыл ішінде айға жетті. *get off to a flying start | get off to a flyer [қ-з: flying start (2)]
START [stɑːt] Strategic Arms Reduction Talks стратегиялық қару-жарақты қысқарту туралы келіссөздер (переговоры о сокращении стратегических вооружений)