starter [ˈstɑːtə(r)] n 1. = appetizer ♦This dish serves 4-6 people as a starter. – Бұл тағам 4-6 кісіге тәбет ашқыш ретінде беріледі. ♦I’ve chosen a hot starter. – Ыстық тәбет ашқыш таңдадым. ♦This dish can be served as a starter or a main course. – Бұл тағамды тәбет ашқыш не(месе) негізгі ас ретінде беруге болады. 2. (жарысқа) қатысушы ♦Only 8 of the 28 starters completed the course. – 28 қатысушының 8-і ғана сайыстың аяғына жете алды. 3.сөреші, стартер (жарысты бастауға белгі беруші адам) ♦the starter’s gun – сөрешінің/ стартердің тапаншасы/ пистолеті 4.стартер (көлік моторын оталдыратын аспап) ♦the starter button – стартер кнопкасы ♦a starter motor – стартер-мотор 5. (істі, кәсіпті) бастаушы, кірісуші ♦He was a late starter in the theatre. – Ол театрда актерлігін кеш бастады. ♦a slow starter – баяу бастаушы 6.алғаш бастаушы, жаңадан бастаушы ♦a starter home – алғаш сатып алушыларға арналған үй-жай ♦a starter kit/pack – алғаш бастаушыларға арналған жинақ/ топтама 7. (idm) *for starters (informal) біріншіден, алдымен, (ең) әуелі ♦There are a number of problems - for starters, where is the money coming from? – Бірнеше проблема бар – ең әуелі, ақша қайдан келеді? ♦The winners will be flown to Paris - and that’s just for starters. – Жеңімпаздар Парижге ұшып барады – бұл басы ғана. *under starter’s orders [қ-з: order (А15)]