starve [stɑːv] v 1.аштыққа/ ашаршылыққа ұшырау/ душар болу, осыдан қиналу/ өлу; аш қалдыру/ қатыру, аштыққа душар ету ♦The animals were left to starve to death. – Аңдарды өлетіндей етіп аш қалдырып кеткен. ♦pictures of starving children – аштықтан бұра(ты)лған балалардың суреттері ♦The new job doesn't pay as much but we won't starve! – Қазіргі жұмыстың жалақысы аз болғанмен, аш емеспіз! ♦∼ smb/yourself She's starving herself to try to lose weight. – Арықтау үшін ол аш жүр. ♦Many of the prisoners looked half starved. – Тұтқындардың көбі жартылай аш екен. 2. -starved аш; жетіспеген ♦supply-starved rebels – көмекке зәру көтерілісшілер 3. (idm) *be starving (for smth) (also be starved especially NAmE) (informal) аш болу, ашығу, аштықтан қиналу ♦When's the food coming? I'm starving! – Тамақ қашан келеді? Аш қататын болдым! 4. (phr v) *starve smb into smth/into doing smth азық не ақша бермей қысым жасау/ көндіру ♦The blockade was aimed at starving the country into submission. – Блокаданың мақсаты елді көндіру еді. *starve smb/smth of smth (NAmE also starve smb/smth for smth) қажет нәрсені бермеу, қажет нәрсесі болмау ♦I felt starved of intelligent conversation. – Ойлы әңгімеге зәру болдым. ♦The department has been starved of resources. – Бөлімге ресурс жетпеді. *starve smb out (of smth) азық-түлік бермей кетіру, тб ♦If they won’t come out, we’ll starve them out! – Олар шықпаса, аш қатырамыз!