state [steɪt] A.n 1. (also S∼) ел, мемлекет ♦the Baltic States – Балтық мемлекеттері ♦European Union member states – Европа Одағына мүше елдер 2. (also S∼) (abbr St.) штат, елдің бір бөлігі ♦the states of Victoria and Western Australia – Виктория және Батыс Австралия штаттары ♦The hurricane swept across the southern states of the US. – Дауыл АҚШ-тың оңтүстік штаттарын көктей/ жайпап өтті. ♦She decided to return to her home state of Ohio. – Ол өзінің туған штаты Огайоға оралуға ұйғарды. 3. (also the S∼) (елдегі) мемлекет, өкімет, үкімет, билік ♦matters/affairs of state – мемлекет мәселелері ♦people who are financially dependent on the state – өкіметке қаржылай кіріптар адамдар ♦a state-owned company – мемлекеттік компания, мемлекет меншігіндегі компания ♦They wish to limit the power of the State. – Олар(дың) үкіметтің билігін шектегісі келеді. 4.хал, күй, жағдай ♦a confused mental state – алабұртқан, шатысқан ♦∼ of smth a confused state of mind – алабұртқан, көңіл-күйі алай-түлей ♦anxieties about the state of the country’s economy – ел экономикасының күйіне алаңдау ♦The government has declared a state of emergency in the flooded regions. – Тасқын басқан аймақтарда үкімет төтенше жағдай жарияладаы. ♦Given the current state of knowledge, it will take years to find a solution. – Білімнің қазіргі жағдайын ескерсек, шешім табуға жылдар кетеді. ♦in a… ∼ water in a liquid state – сұйық күйдегі су ♦He was in a terrible state by the time he got home. – Үйге жеткенде оның халі сұмдық еді. ♦You're not in a fit state to drive. – Мына күй(ің)мен машина айдай алмайсың. 5. (ең жоғары дәрежелі) салтанатты рәсім/ шара ♦in ∼ The president was driven in state through the streets. – Президентті салтанатты түрде көшелермен алып жүрді. 6. the States (informal) Америка Құрама Штаттары ♦I've never been to the States. – АҚШ-та болған емеспін. 7.(idm) *be in/get into a state (informal, especially BrE) a) толқу не қобалжу ♦She was in a real state about her exams. – Ол емтихандарын ойлап қобалжыды. ♦He made a mistake and got into a terrible state about it. – Ол қателік жасап, қатты уайымдады. ♦Jane was in a terrible state after losing her job. – Джейн жұмысынан айырылып, қайғырып жүр еді. b) лас я ретсіз болу ♦What a state this place is in! – Мына жер тегі былығып жатыр екен! ♦How did the carpet get into that state? – Кілем неге осыншама былғанған? *in a state of grace (католицизмде) құдай күнәсін кешкен ♦He died in a state of grace. – Ол құдайдың кешірімін алып қайтыс болды. *a state of affairs жағдай, ахуал, хал, күй ♦This state of affairs can no longer be ignored. – Бұл жағдайға енді көңіл бөлмесе болмайды. *the state of play a) кезең, жағдай ♦What is the current state of play in the peace talks? – Бейбіт келіссөздерде не болып жатыр? b) (especially BrE) (ойындағы) ұпай B.adj 1.мемлекет(тік), үкімет(тік) ♦state officials/agencies – үкімет өкілдері/ агенттіктері ♦state education – мемлекеттік білім беру (жүйесі) ♦families dependent on state benefits – үкімет төлемдеріне тәуелді отбасылар ♦state secrets – мемлекеттік құпиялар, мемлекет құпиялары 2. (АҚШ-тағы) штат(тың) ♦the state government/legislature – штат үкіметі/ заң шығарушы органы ♦California state law – Калифорния штаты заңы ♦a state prison/hospital/university – штат түрмесі/ ауруханасы/ университеті ♦state police/troopers – штат полициясы/ штат полциясы қызметкерлері ♦a state tax – штат салығы ♦federal and state government policies – федералды және штат үкіметі саясаты 3.мемлекеттік (дәрежедегі) ♦The queen is on a state visit to Berlin. – Королева Берлинде мемлекеттік сапармен жүр. ♦the state opening of Parliament – Парламент сессиясын королеваның ашуы ♦the state apartments – үкімет үй-жайлары C.v мәлімдеу, айту ♦∼ smth He has already stated his intention to run for election. – Ол өзінің сайлауға түспек ниетін мәлімдеген. ♦The facts are clearly stated in the report. – Фактілер баяндамада нақты айтылған. ♦There is no need to state the obvious. – Белгілі нәрсе жайлы айтып керегі жоқ. ♦∼ how, what, etc… State clearly how many tickets you require. – Сізге қанша билет керек екенін нақты айтыңыз. ♦it is ∼d that… It was stated that standards at the hospital were dropping. – Аурухана стандарттарының түсіп бара жатқаны айтылған. ♦All the photographs in this book, unless otherwise stated, date from the 1950s. – Осы кітаптағы фотографиялардың бәрі де, егер басқаша көрсетілмесе, 1950 жылдардан. ♦smth/smb is ∼d to be/have smth The contract was stated to be invalid. – Контрактіні жарамсыз деп таныды. ♦The driver is stated to have three previous convictions. – Жүргізуші бұрын үш рет сотталған дейді. ♦This is not one of their stated aims. – Бұл олардың өздері айтқан мақсаттарының бірі емес. ♦You must arrive at the time stated. – Айтылған уақытта келуге тиіссіз. ♦Do not exceed the stated dose. – Дәріні тиісті мөлшерінен асырмаңыз.