static [ˈstætɪk] A.adj 1.статикалық, қозғалмайтын, өзгермейтін (статический) ♦Prices on the stock market, which have been static, are now rising again. – Қор биржасындағы біраздан бері тұралаған бағалар қайта өсуде. ♦a static population level – тұралаған халық саны 2. (physics) статикалық (күш) (opp: dynamic) ♦static pressure – статикалық қысым B.n 1.статикалық шу/ шуыл, радио шуы/ шуылы (статический шум) 2. (also ∼ electricity) статикалық электр (статическое электричество) ♦My hair gets full of static when I brush it. – Тарағанда шашымда электр шыртылдайды. 3. ∼s статика (заттарды тепе-тең жағдайда ұстап тұратын күштермен айналысатын механика ғылымының тармағы) 4. (NAmE, informal) ашулы/ сынайтын сөздер не жүріс-тұрыс