stationary [ˈsteɪʃənri] adj 1.жылжымайтын, қозғалмайтын (opp: mobile) ♦I remained stationary. – Қозғалмай тұра бердім. ♦The car collided with a stationary vehicle. – Машина тоқтап тұрған машинамен соғысқан. ♦a stationary exercise bike – жылжымайтын шынығу велосипеді ♦I walked down one of the stationary escalators. – Тоқтап тұрған эскалатормен төмен түстім. ♦Some of the larger birds can remain stationary in the air for several minutes. – Кейбір ірі құстар әуеде бірнеше минут қозғалмай қалықтап/ қалқып тұра алады. 2.өзгермейтін (syn: static) ♦a stationary population – өзгермейтін халық саны