stay [steɪ] A.v 1. (бір жерде) қалу, бола тұру, кетпеу ♦Stay there and don't move! – Сонда қал/ бол, қозғалма! ♦I just want to stay in bed today. – Бүгін біраз төсекте жатқым келеді. ♦She stayed at home while the children were young. – Балалары кішкентай кезде ол үйде болды. ♦(NAmE) to stay home – үйде болу/ қалу ♦We ended up staying for dinner. – Кешкі асқа дейін қалдық. ♦People are being advised to stay indoors. – Жұртқа іште/ үйде болыңдар деуде. ♦Can you stay behind after the others have gone and help me clear up? – Басқалары кеткенде, қалып, маған тазалауға көмектесе аласың ба? ♦I'm staying late at the office tonight. – Бүгін офисте/ кеңседе ұзақ болмақпын. ♦My hat won't stay on! – Бас киімім тұрмайды! ♦I can't stay long. – Ұзақ бола алмаймын. ♦∼ to do smth We stayed to see what would happen. – Қалып, не боларын күттік. ♦∼ doing smth They stayed talking until well into the night. – Түннің біраз уақтына дейін олар әңгімелесумен болды. ♦I'll stay and help you. – Қалып, саған көмектесемін. ♦Can you stay and keep an eye on the baby? – Қалып, сәбиге қарай тұрасың ба? 2.тұру (бір жерде уақытша өмір сүру) ♦My sister's coming to stay next week. – Әпкем/ Қарындасым/ Сіңлім келесі аптада келіп, біраз тұрмақшы. ♦She's working here for two weeks and needs a place to stay. – Ол осында екі апта жұмыс істемек, сондықтан оған тұратын жер керек. ♦We found out we were staying in the same hotel. – Бәріміз бір қонақ үйде тұрып жатқанымызды білдік. ♦He's staying with friends this weekend. – Осы апта соңында ол достарымен болмақ. ♦I missed the last bus and had to stay overnight. – Соңғы автобустан қалып қалып, түнеуге мәжбүр болдым. 3.болу, қалу (syn: remain) ♦I can't stay awake any longer. – Бұдан әрі ояу қала алмаймын. ♦The store stays open late on Thursdays. – Дүкен бейсенбіде түнге шейін ашық. ♦to stay healthy/alive/calm/silent/safe – сау/ тірі/ тыныш/ үнсіз/ аман қалу/ болу ♦He never stays angry for long. – Ашуы тез тарқайды. ♦Stay tuned. – (Телерадиомыздан) әрқашан құлағдар болыңыз. ♦Inflation stayed below 4 per cent last month. – Инфляция өткен айда 4 проценттен төмен болды. ♦to stay in touch – хабарласып тұру ♦The TV stays on all day in their house. – Үйлерінде телевизор бір өшпейді. ♦∼ doing smth She wanted to stay working in the pub. – Оның пабта жұмыста қалғысы келді. 4. (idm) *be here to stay | have come to stay енді үйреншікті болған/ әдетке айналған ♦It looks like televised trials are here to stay. – Енді телевизиялық соттар үйреншікті бола бастаған сияқты. *hang/stay loose [қ-з: loose (А11)] *(get/keep/stay) in shape [қ-з: shape (А5)] *keep/stay/steer clear (of smb/smth) [қ-з: clear (В4)] *stay! (итке айтылады) тоқта!, қозғалма!, тұр! *stay the course аяғына дейін істеу/ болу/ жалғастыру ♦Very few of the trainees have stayed the course. – Стажерлердің біразы ғана аяғына дейін болды. ♦He insists that he will not quit but will stay the course. – Ол курстың аяғына дейін шыдаймын дейді. *stay your hand (old-fashioned or literary) істемеу, тартыну ♦It was prudence, not logic, that stayed his hand. – Ол логикамен емес, қырағылықпен тартынды. *stay the night (especially BrE) біреуді үйінде түнеу/ түнеп шығу ♦She stayed the night at Kathryn's. – Ол Кәтриндікінде қонып шықты. *stay put (informal) қозғалмау, жылжымау, (бір жерде) қалу, тұру ♦He chose to stay put while the rest of us toured the area. – Басқаларымыз сол жерді аралағанымызда, оның ешқайда барғысы келмеді. 5. (phr v) *stay around (informal) төңіректе/ сонда/ осында болу, кетпеу ♦I'll stay around in case you need me. – Осында боламын, керек болсам, айтарсың. ♦They didn’t stay around to be caught. – Ұсталып қалмас үшін олар онда қалмады. *stay away (from smb/smth) аулақ болу/ қалу, жоламау, жуымау, жақын бармау ♦I want you to stay away from my daughter. – Қызыма жолағым келіп тұрған жоқ. ♦I just couldn't stay away. – Аулақ тұра алмадым. *stay in тысқа шықпау, үйде болу/ қалу ♦I feel like staying in tonight. – Бүгін кешке ешқайда барғым келіп тұрған жоқ. *stay on істей беру, қала беру, бола беру ♦She’s staying on at university to do research. – Зерттеумен айналысу үшін ол университетте қала бермек. ♦We hope he will stay on as manager at the end of his contract. – Контрактісінің соңында ол менеджер болып қала берсе екен деп үміттенеміз. *stay out a) (үйден) тыс(та) ♦I don’t like you staying out so late. – Осыншама кеш үйден тыс болғым келмейді. b) (жұмысшылар ж) ереуілді жалғастыра беру *stay out of smth a) өзінікі емес шаруаға араласпау, аулақ жүру ♦I wish you'd stay out of my business! – Шаруама араласпасаң екен! b) аулақ болу, жоламау ♦to stay out of trouble – пәлеге жоламау *stay over біреудің үйінде қону/ түнеу/ түнеп шығу ♦We have a spare bed if you want to stay over. – Қонғың келсе, артық төсегіміз бар. *stay up кеш жату ♦You've got school tomorrow. I don't want you staying up late. – Ертең сабағың бар. Кеш жатқаныңды қаламаймын. B.n 1. (бір жерде) болу, сапар(лау) ♦I enjoyed my stay in Prague. – Прагаға сапарым қызық болды. ♦an overnight stay – қону/ түнеу ♦hospital stay – ауруханада болу 2. (мачтаны, бағанды тартып тұратын) арқан, сым темір, трос 3. (idm) *a stay of execution (law) сот үкімін орындауды кейінге қалдыру ♦to grant a stay of execution - сот үкімін кейінге қалдыруға рұхсат беру