steady [ˈstedi] A.adj (steadier, steadiest) 1. бірте-бірте, бара-бара, бірқалыпты, тұрақты, баяу (syn: constant) ♦We've had five years of steady economic growth. – Бізде бес жыл бойы бірқалыпты экономикалық өсім болды. ♦a steady decline – баяу құлдырау ♦There has been a gradual but steady increase in prices. – Бағалар бірте-бірте өсті. ♦We are making slow but steady progress. – Баяу да бірқалыпты ілгерілеудеміз. 2.өзгермес, үздіксіз, бірқалыпты, тұрақты (syn: regular) ♦His breathing was steady. – Тынысы қалыпты болды. ♦a steady job/income – тұрақты жұмыс/ кіріс ♦She drove at a steady 80 kmph. – Сағатына 80 км жылдамдықпен айдап отырды. ♦They set off at a steady pace. – Олар бірқалыпты қарқынмен бастады. ♦to have a steady relationship – қарым-қатынасы бірқалыпты болу 3.орнықты, мызғымас (opp: unsteady) ♦He held the boat steady as she got in. – Ол (қыз) мінер кезде, ол (жігіт) қайықты орнықты/ шайқалтпай ұстады. ♦I met his steady gaze. – Оның ыздиған жанарына көзім шалынды. 4. байсалды, байыпты, жөнді білетін 5. (idm) *ready, steady, go! (BrE) (also (get) ready, (get) set, go) дайындал, қозғалма, жүгір! (жүгірушілерге берілетін бұйрық) *(as) steady as a rock [қ-з: rock (А8)] B.v 1. ∼ (yourself/smb/smth) орнықтыру, орнықты ету, қозғалмайтындай ету ♦She steadied herself against the wall. – Ол қабырғаға тіренді. ♦The lift rocked slightly, steadied, and the doors opened. – Лифт сәл сілкініп, тоқтады да есіктері ашылды. 2.тұрақтану, бір қалыпқа түсу, орнығу ♦Her heartbeat steadied. – Жүрек қағысы оңдалды/ қалыпқа түсті. ♦∼ against smth The pound steadied against the dollar. – Фунт стерлинг долларға шаққанда орнықты. 3. ∼ smb/smth тыныштандыру, сабасына түсіру ♦He took a few deep breaths to steady his nerves. – Жүйкесін/ Нервін орнықтыру үшін ол бірнеше рет терең демалды. C.adv 1.бірқалыпты, орнықты ♦In trading today the dollar held steady against the yen. – Бүгінгі саудада доллар иенге шаққанда орнықты болды. 2. (idm) *go steady (with smb) (old-fashioned, informal) біреумен көңілдес болу/ ашына болу/ жүру ♦They’ve been going steady for a year now. – Олардың жүргеніне енді бір жыл болды. D.excl (informal) 1. ∼ on (becoming old-fashioned) байқа, абайла ♦Steady on! You can't say things like that about somebody you've never met. – Байқа! Ешқашан көрмеген адам жайлы өйтіп айтуға болмас. 2. байқа, абайла ♦Steady! Don't fall off. – Байқа! Құлап қалма.