steal [stiːl] A.v (pt stole [stəʊl], pp stolen [ˈstəʊlən]) 1.ұрлау, жымқыру ♦∼ from smb/smth We found out he'd been stealing from us for years. – Оның бізден талай жыл ұрлап келгенін білдік. ♦∼ smth My wallet was stolen./ I had my wallet stolen.– Қапшығымды/ Әмиянымды ұрлап кетті. ♦Thieves stole jewellery worth over £10 000. – Ұрылар құны £10 000 болатын зергер бұйымдарын ұрлаған. ♦It's a crime to handle stolen goods. – Ұрланған заттармен айналысу – қылмыс. ♦(figurative) to steal somebody’s ideas – Біреудің идеяларын ұрлау. ♦(figurative) They accused the president of stealing the election. – Олар президентті сайлауды бұрмалады деп айыптады. 2.бұғына/ ұрлана/ білдіртпей/ ақырын қозғалу (syn: creep) ♦She stole out of the room so as not to wake the baby. – Сәби оянбасын деп ол бөлмеден ақырын шығып кетті. ♦(figurative) A chill stole over her body. – Үсті тоңазып кетті. 3. (idm) *steal a glance/look (at smb/smth) ұрлана/ бұғына қарау, байқатпай қарап алу *steal smb’s heart (literary) «біреудің жүрегін ұрлау», біреуді өзіне ғашық ету *steal a kiss (from smb) (literary) біреуді сүйіп алу не жұртқа көрсетпей сүю *steal a march (on smb) [қ-з: march (В5)] *steal the show [қ-з: show (В7)] *steal smb’s thunder біреу дәм еткен/ күткен табысты/ назарды, тб өзіне бұрып әкету B.n (NAmE) 1. (especially NAmE) ұрлық, жымқыру ♦the greatest art steal in history – тарихтағы ең ірі өнер туындысын ұрлау ♦Many people still believe the election result was a steal. – Көп адам сайлау нәтижелері бұрмаланған деп ойлайды. 2. (idm) *be a steal(informal) тым арзан бағаға сату/ ұсыну ♦This suit is a steal at $80. – Костюмнің $80 құны – судай тегін.