steam [stiːm] A.n 1.бу ♦Steam rose from the boiling kettle. – Қайнап жатқан шәугімнен бу көтерілді. ♦a Turkish steam bath – түрік моншасы/ һамам 2.бу (қуаты) ♦the introduction of steam in the 18th century – бу технологиясының XVIII ғасырда енуі ♦steam power – бу қуаты/ күші ♦the steam age – бу технологиясы дәуірі/ заманы ♦a steam train/engine – бумен жүретін пойыз/ мотор ♦The engine is driven by steam. – Моторды бу қозғайды. 3.бу, тер (syn: condensation) ♦She wiped the steam from her glasses. – Ол көзәйнегінен буды сүртті. 4. (idm) *blow/let off steam (informal) ширау, сергу, бой жазу (бірнәрсе істеп артық күшін шығару, ашуын/ эмоциясын тыныштандыру) ♦I went for a long walk to let off steam. – Ширау үшін ұзақ жүрдім. *full speed/steam ahead | (at) full steam [қ-з: speed (А6)] *get, etc. somewhere under your own steam (informal) (ешкімнің жәрдемінсіз) өзі бару ♦I’ll get to the party under my own steam. – Жиын-тойға өзім барамын. *get up/pick up steam (informal) бірте-бірте күшею/ үдеу ♦His election campaign is beginning to get up steam. – Оның сайлау(алды) науқаны үдей түсуде. *run out of steam (informal) болдыру, шаршау B.v 1.булану, бу шығу, буы бұрқырау ♦Our damp clothes steamed in the heat. – Ыстықта дымқыл киімімізден бу шықты. ♦a mug of steaming hot coffee – буы бұрқыраған бір құты/ кружка ыстық кофе 2. ∼ (smth) (асты) буға пісіру ♦steamed fish – буға піскен балық 3. (кеме, тб ж) бумен/ будың көмегімен қозғалу ♦The boat steamed across the lake. – Бу моторлы қайық көлмен қозғалды. 4. (кісі, тб ж) тез бару/ қозғалу ♦He spotted her steaming down the corridor towards him. – Ол оның коридормен зытып бара жатқанын байқады. 5. (idm) *be/get (all) steamed up (about/over smth) (also be steamed (about smth) (informal) ашулы/ толқыған күйде болу, ашуланып/ толқып кету ♦You’re getting all steamed up about nothing! – Жөні жоқ жінігесің! 6. (phr v) *steam smth off | steam smth off smth желімделген қағаздары ыстық будың көмегімен ажырату *steam smth open конвертті ыстық будың көмегімен желімін жұмсартып ашу *steam up | steam smth up булану, бу басу ♦As he walked in, his glasses steamed up. – Ішке кірген кезде көзәйнегі буланып кетті.
STEAM [stiːm] abbr science, technology, engineering, arts and mathematics