steel [stiːl] A.n 1.болат (өте мықты металл) ♦the iron and steel industry – қара металлургия ♦The frame is made of steel. – Қаңқа болаттан жасалған ♦The bridge is reinforced with huge steel girders. – Көпірді болат арқалықтармен мықтаған. 2.болат құю өнеркәсібі/ индустриясы (сталелитейный завод) ♦steel workers – болат құюшы жұмысшылар ♦a steel town – болат заводы бар кент ♦steel mills - болат құю заводтары 3. (пышақ қайрайтын) болат қайрақ/ егеу 4. (old use or literary) бұрынғы заманда болаттан жасалған қару-жарақ (м: қылыш, семсер, айбалта, тб) ♦the clash of steel – шабысқан семсерлер 5. (idm) *of steel болаттай/ темірдей мықты, тб ♦You need a cool head and nerves of steel. – Саған сабыр мен темірдей жүйке керек. B.v өзін жайсыз нәрсеге дайындау ♦∼ yourself (for/against smth) As she waited, she steeled herself for disappointment. – Тосып отырып ол өзін ренішке әзірледі. ♦∼ yourself to do smth He steeled himself to tell them the truth. – Оларға шындықты айтуға ол әзірленді.