stem [stem] A.n 1.сабақ (өсімдіктің) ♦long, trailing stems of ivy – ұзын да иретілген шырмауық сабақтары ♦a tall plant with branching stems – сабақтары бұтаққа айналған/ тармақталған биік өсімдік ♦There are several leaves on each stem. – Әр сабақта бірнеше жапырақ бар. 2. (бокалдың, фужердің үсті мен астын жалғап тұрған) «сап» (ножка бокала) 3.мүштіктің (мундштук) сабы/ тұтқасы 4. -stemmed сабағы/ сабы пәлендей ♦a long-stemmed rose – сабағы ұзын раушан/ роза гүлі ♦slender-stemmed wine glasses – жіңішке сапты шарап бокалдары 5. (idm) *from stem to stern кеменің тұмсығынан артына дейін, бастан аяқ B.v 1. ∼ smth тоқтату, тежеу ♦The cut was bandaged to stem the bleeding. – Жарадан аққан қанды тоқтату үшін дәкемен/ марлямен таңып тастады. ♦They discussed ways of stemming the flow of smuggled drugs. – Олар есірткі ағынын бітеу жолдарын қарастырды. ♦The reforms failed to stem social discontent. – Реформалар әлеуметтік наразылықты баса алмады. 2. (phr v) *stem from smth бірн-ң нәтижесі болу, бірн-ден шығу/ пайда болу ♦Most people’s insecurities stem from something that happened in their childhood. – Кісілердің көбінің үрейі бала күнінде болған бәрнәрседен туындайды.
STEM [stem] abbr science, technology, engineering and mathematics