step [step] A.n 1.қадам, адым (шаг) ♦a baby’s first steps – сәбидің алғашқы адымдары ♦He took a step towards the door. – Ол есікке қарай бір адым аттады. ♦We heard steps outside. – Сыртта аяқ дыбысын естідік. ♦It's only a few steps further. – Бұл бірнеше қадам әрірек. ♦He turned around and retraced his steps. – Ол бұрылып, келген жолымен кері кетті. ♦She moved a step closer to me. – Ол маған бір адым жақындады. ♦(figurative) The hotel is only a short step from the beach. – Қонақ үй пляждың жанында. ♦Do you know the steps of this dance? – Осы бидің адымдарын білесің бе? ♦He walked with a quick light step. – Ол жеңіл адымдай жүрді. ♦There was a smile on her face and a spring in her step. – Жүзінде күлім, адымында ойнақылық болды. 2.қадам, адым, шара, әрекет, іс ♦We are taking steps to prevent pollution. – Ластануды доғару үшін әрекеттенудеміз. ♦a necessary/an important/a positive step – қажет/ маңызды/ оң қадам ♦∼ toward(s) smth This was a first step towards a united Europe. – Бұл Европаның бірігуі үшін жасалған алғашқы қадам еді. ♦a step in the right direction – дұрыс бағыттағы қадам, оң қадам ♦a major step forward – алға (жасаған) ірі қадам ♦Closing the factory would be a retrograde step. – Заводты жабу керу кету болмақ. 3.қадам, адым, кезең, рет (syn: stage) ♦Having completed the first stage, you can move on to step 2. – Алғашқы кезеңді аяқтағаннан соң, енді 2-кезеңге ойыссаң болады. ♦If you follow all the steps, nothing will go wrong. – Барлық қадам/ кезең бойынша жүрсең, бәрі дұрыс болады. ♦I'd like to take this idea a step further. – Бұл ойға ой қосқым келеді. ♦This was a big step up in his career. – Бұл оның карьерасындағы/ еңбек жолындағы ірі қадам болды. ♦I'll explain it to you step by step. – Саған рет-ретімен түсіндіремін. ♦a step-by-step guide to building your own home – өз үйіңді салу үшін рет-ретімен кеңес 4.адым, қадам (басқыштың, тепкішектің); басқыш, баспалдақ, тепкішек ♦She was sitting on the bottom step of the staircase. – Ол басқыштың ең төменгі адымында отырған. ♦We walked down some stone steps to the beach. – Бір тас баспалдақпен төмен пляжға түстік. ♦A short flight of steps led up to the door. – Қысқа баспалдақ жоғарыдағы есікке жетеледі. 5.степ, адымдап шынығу ♦step aerobics – степ-аэробика ♦a step class – степ класы 6. ∼s (BrE) stepladder жима саты (стремянка) ♦a pair of steps – (бір) жима саты ♦We need the steps to get into the attic. – Шатырға шығу үшін бізге жима саты керек. 7. (NAmE) екі нота арасындағы кідіріс/ интервал 8. (idm) *break step жүрістен жаңылу, маршты/ жүрісті бұзу, бірдей адымдамау ♦The soldiers turned without once breaking step. – Солдаттар бір де жүрістен жаңылмастан бұрылды. *fall into step (beside/with smb) (басқа біреумен) бірдей адымдай бастау ♦He caught her up and fell into step beside her. – Ол оған жетіп, артынан өкшелеп жүре бастады. *in/out of step (with smb/smth) (би кезінде, тб) басқалармен бірдей адымдау/ адымдамау ♦He was out of step with the music. – Ол музыкаға ілесе алмады. ♦She had trouble keeping in step with the others. – Ол басқалармен бірдей адымдай алмай қиналды. ♦(ауысп мағ) She was out of step with her colleagues. – Оның пікірі әріптестерінікінен өзгеше еді. *mind/watch your step [қ-з: mind (В8)] *one step forward, two steps back (saying) бір адым алға, екі адым артқа *a/one step ahead (of smb/smth) бір адым алда ♦She's always one step ahead of the competition. – Сайыста ол әрқашан бір адым алда. *a/one step at a time баяу, бірте-бірте (істеу) B.v 1.адымдау, қадам басу, аяқ басу, жүру, аттау ♦to step onto/off a bus – автобусқа міну/ -тан түсу ♦I stepped forward when my name was called out. – Атым аталғанда алға бір адым аттадым. ♦She stepped aside to let them pass. – Оларды өткізіп жіберу үшін ол шетке тұрды/ аттады. ♦We stepped carefully over the broken glass. – Сынған әйнекпен абайлап жүрдік. ♦I turned around quickly and stepped on his toes. – Кері тез бұрылғанымда оның аяғын басып кеттім. 2. (idm) *step into the breach уақытша біреудің орнына істеу, тб ♦She stepped into the breach caused by Stella's illness. – Стелла ауырып қалғанда, ол оның орнына шықты. *step into smb’s shoes [қ-з: shoe (А3)] *step on it (informal) тезірек айда, жылдамдат *step on smb’s toes (NAmE) (also tread on smb’s toes especially BrE) (informal) «біреудің аяғын басу», мазасын алу, жүйкесіне тию ♦I don’t want to step on anybody’s toes so I’ll keep quiet. – Ешкімнің мазасын алғым келмейді, сондықтан тыныш отырамын. *step out of line | be/get out of line шектен асу/ шығу, тәртіп бұзу, теріс мінез көрсету ♦His boss warned him that if he stepped out of line once more he would be fired. – Бастық оған енді бір рет шектен ассаң жұмыстан шығасың деді. *step up to the plate [қ-з: plate (А15)] 3. (phr v) *step aside/down «шетке тұру/ жылжу», қызметін/ орнын біреуге беру *step back (from smth) «кейін шегіну», жағдайға байсалды қарау *step forward «алға адымдау», көмектесу, жәрдемдесу ♦You have to step forward and offer an alternative solution. – Жәрдемдесіп, басқа бір шешім ұсынсаңшы. *step in қиын жағдайда көмекке келу/ араласу ♦A local businessman stepped in with a large donation for the school. – Жергілікті бизнесмен араласып, мектепке ірі ақшалай жәрдем берді. *step out (especially NAmE) тысқа/ сыртқа шығу ♦I'm just going to step out for a few minutes. – Мен жай бірнеше минутқа тысқа шықпақпын. *step up алға адымдау/ шығу ♦She stepped up to receive her prize. – Ол жүлдені алу үшін алға шықты. *step smth up (мөлшерді, істі, тб) күшейту, арттыру ♦He has stepped up his training to prepare for the race. – Жарыс алдында ол шынығуын күшейте түсті.
step- [step] comb form өгей ♦stepmother – өгей шеше